08 сентября 2021 | 16:46

Коронавирус: сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

"Кейінгі екі аптада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді", - деді Шоранов ОКҚ брифингінде. 

Марат Шорановтың сөзінше, кейінгі айда коронавирустың таралу индексі республика бойынша 17 пайызға төмендеді. Ал инфекциялық төсек-орындардағы адам саны 56 пайыздан 36 пайызға азайған.  

Реклама
Реклама

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, еліміздің 12 өңірі "қызыл аймақта". Соңғы аптада "сары" аймаққа 4 өңір ауысты. Бұл - ШҚО, Жамбыл облысы, СҚО және Қызылорда облысы. "Жасыл" аймақта - Түркістан облысы.

Еске салайық, 8 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 824 118-ге жетті. Айыққандар саны жалпы 734 883-ке жетсе, 9 987 адам қайтыс болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram