04 августа 2020 | 09:25

Коронавирус: премьер-министр індет өршіп тұрған облыстарды атады

Даурен Ерболат Журналист
Фото ©REUTERS

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус бойынша жағдайы тұрақты және індет өршіп тұрған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус бойынша жағдайы тұрақты және індет өршіп тұрған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатыр. 

Реклама
Реклама

"Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандың 69,4 пайызы жазылды. Қалған науқастар қажет медициналық көмек алып жатыр. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді", - деді ол үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйеніп, аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктив деңгейі бірден төмен облыстарды атады.

"Бұл - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Сонымен қатар, инфекцияның репродуктив деңгейі бірден жоғары облыстар бар. Бұл - Қостанай, Ақмола облыстары. Мұнда жағдай күрделі. Осындағы әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге баса назар аудару керек", - деді Асқар Мамин.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны мыңнан асты

Айта кетейік Қазақстанда 92 662 адам COVID-19 жұқтырды. 62 511 науқас жазылды, 1 058 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram