РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 марта 2020 | 12:36

Коронавирус: оқушылар каникулға ерте шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта білім беру ұйымдарын 2020 жылдың 16 наурызынан бастап - 5 сәуір аралығында каникулға шығуы қамтамасыз етіледі. 16 наурыздан бастап, колледждер, жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынады.

Айта кетейік, кеше дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады.

Соңғы мәлімет бойынша COVID-19 вирусы 118 елде тіркелді. Қауіпті дертті 121 564 адам жұқтырып, 4373 адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети