20 марта 2020 | 11:23

Коронавирус: мемлекет қанша кәсіпкерге қолдау көрсететіні белгілі болды

Фото: astana.assembly.kz

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коровирусқа байланысты елімізде қанша кәсіпкерге қолдау көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коровирусқа байланысты елімізде қанша кәсіпкерге қолдау көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ол үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мәселесі қаралғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бұл жұмыстарға 32 миллард теңгеден астам қаржыны бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен - 14,8 миллард теңге, жергілікті бюджеттен - 18 миллиард теңге. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң заңды шаралар қолданылады", - деді ол үкіметте өткен брифингте. 

Ералы Тоғжанов төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтың бірқатар түрінен жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті.

"Шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін (сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер) жеке мүлікке төленетін салықтарды және салықтар бойынша қарыздарын төлеуді уақытша тоқтатылады. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкерді жылдың аяғына дейін 10 пайыздық жеке табыс салығынан босату жоспарланып отыр", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ үкімет басшысының орынбасары жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар екенін атап өтті.

"Бүгінгі жұмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр. Осыған орай, үкімет тарапынан 300 миллиард теңге қарастырылып жұмыспен қамту жол картасы  әзірленді", - деп түйіндеді сөзін Ералы Тоғжанов.

Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін, маска тапшылығы қашан жойылатынын айтқан.

Елімізде коронавируспен жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 

Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram