26 марта 2020 | 10:22

Коронавирус: кімдерге тест тапсырудың қажеті жоғы айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: reuters

Соңғы 14 күнде шетелде болмаған және коронавирус расталған тұлғалармен байланыс жасамаған азаматтарға тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Егер адам үйінде карантинде отырса, соңғы 14 күнде шетелде болмаса, оған тест тапсырудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Себебі бұл - диагностикалық тест. Оны тек науқаста аурудың белгілері болған адам ғана тапсырады. Яғни, ешкіммен байланыс жасамаса, 1А және 1В санатындағы елдерден келмеген болса, ауру туралы ешқандай белгі болмаса, ешқандай нәтиже көрсетпейді", - деді комитет төрағасы ДСМ медиаорталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Людмила Бюрабекованың айтуынша, коронавирусқа тапсырылған тестің нәтижесі 12 сағат ішінде шығады.

"Тестілеуді зерттеуге 7-8 сағат керек. Жалпы анализ алу, тексеруге жіберу және нәтижесін алуға осынша уақыт керек. Сондықтан да нәтижесі 12 сағаттың ішінде шығады", - деді комитет төрағасы.

Айта кетейік, 26 наурыз сағат 08:05-тегі жағдай бойынша, Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам.

Елімізде жалпы 88 адамнан коронавирус анықталды және 2 науқас жазылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram