03 апреля 2020 | 16:24

Коронавирус жұқтыру деректерінің 30 пайызы еңбек ұжымдарында болған - Біртанов

Даурен Ерболат Журналист
Фото: primeminister.kz

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің 30 пайызы еңбек ұжымдарының арасында болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің 30 пайызы еңбек ұжымдарының арасында болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр коронавирус пандемиясы кезінде карантин тәртібін күшейту маңызды екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Осы аптада Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі күшейді. Ұйымдардың, еңбек ұжымдарының жұмысына шектеу қойылды. Осыған дейін айтқанымыздай, инфекция таралуының 30 пайызы еңбек ұжымдарының арасында болған", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған дейін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың немен айналасытынын айтып берген. 2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 453-кежетті. 29 науқас айықты, 3 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram