Коронавирус жұқтырып, үйінде емделіп, жазылғандар ауырып шыққанын қалай дәлелдейді? Бұл сұраққа Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Коронавирус жұқтырып, үйінде емделіп, жазылғандар ауырып шыққанын қалай дәлелдейді? Бұл сұраққа Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тоғжановтың айтуынша, коронавирус жұқтырып, ауруханаға бармай, үйінде емделіп, жазылғандар өзінің ауырып жазылғандарын ағзадағы антиденелер көрсеткіші арқылы дәлелдейді.
"Бұған дейін ауырып, жазылғандарға вакцина 6 айдан кейін салынатын болған, ал қазір, дүние жүзіндегі кейінгі жағдайларға және үнді штамына байланысты, ол мерзім 3 айға қысқарды, қазір 3 айдан кейін салынады. Сондықтан, ауырып шыққандар міндетті түрде тексеріліп, антиденелер көрсеткішін көрсетуі керек, антиденелер міндетті түрде пайда болады. Алайда, антиденелер деңгейі әртүрлі болады, сондықтан, соған қарай шешім қабылдаймыз", - деді Тоғжанов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда карантин шектеулерінің күшейтілетіні хабарланған болатын. COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешім шығарған еді, оған сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізілген болатын.