РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 марта 2021 | 12:25

Коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша ақша жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Коронавирус жұқтырып, ауырып жатқан бір науқасқа қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырып, ауырып жатқан бір науқасқа қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

Оның айтуынша, Жаңа жылға дейін коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуді күнмен есептейтін. 

"Әр күннің бағасы болатын. Қазіргі таңда тариф белгіленген. Ауыр жағдайдағы бір науқасты емдеу үшін 930 мыңнан астам (теңге - авт.) қаражат, орта жағдайдағы науқасқа 450 мың шамасында қаражат бөлінеді. Бір науқасқа нақты қанша кеткенін тек бухгалтерияға сауал жіберіп, алуға болады. Ал менің айтып отырғаным тариф бойынша", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Табынбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта коронавирустан емдейтін инфекция ауруханалары қаражат жағынан тапшылық көріп отырған жоқ.

"Оның ішінде дәрі-дәрмек те, дәрігер, медибике, санитар жалақысы және барлық аппараттың жабдықталуы кіреді. Бәрі жеткілікті деп ойлаймын, инфекция ауруханалары қаражат жағынан ешқандай тапшылық көріп жатқан жоқ", - деді ол. 

Айта кетейік, Алматыда қазіргі уақытта 1 239 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның 64-і бала. 13 ересек пациенттің жағдайы өте ауыр, 131-і ауыр жағдайда, 1 095-і орташа дәрежеде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети