ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мая 2020 | 15:23
Коронавирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы өте ауыр - ДСМ
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6 науқас өте ауыр күйде жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде коронавирус жұқтырған 4298 науқас тіркелген.
"Оның жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаларында. Бүгінде 1279 науқас жазылып, үйіне жіберілді. Стационарда 2897 сырқат емделіп жатыр. Олардың 85 пайызы қалыпты, 14 пайызы орташа қалыпты жағдайда және 25 науқастың жағдайы ауыр. Ал 6 науқас өте ауыр жағдайда. Оның ішінде 7 сырқат жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Показать комментарии
Читайте также