ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев "коронавирусты жұқтыру фактілері жазда азая ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев "коронавирусты жұқтыру фактілері жазда азая ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұлтанғазиевтің айтуынша, жаздағы ыстық температура маусымдық тұмау немесе ЖРВИ-дің (Жедел респираторлық вирустық инфекциялар) азаюына себеп болмайды.
"Бұл жерде вирустың жаңа екенін түсіну керек. Бұрын бұл вирус болған жоқ. Жазда температура маусымдық тұмау немесе ЖРВИ-дің азаюына себеп болмайтынын білу керек. Біз жыл сайын ЖРВИ ауруларын тек күз, қыс, көктемде ғана емес, жазда да тіркелетінін білеміз. Тек жазда саны аз болады. Мұның себебі, ең алдымен, күн сәулесі немесе температура бұл вирустарды өлтіргеннен емес, ғимараттарды желдету, жабық ғимараттарда адамдардардың көп шоғырланбауынан болады", - деді спикер ДСМ медиорталығында өткен онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, жабық жерлерде вирустар көбейе береді.
"Яғни, жазда вирустық инфекцияның жойылу себебі - ауа райының қолайлы болуынан ғимараттарды желдетіп, олардың қоршаған ортадағы санының азаюы. Болжам дегенге келсек, бұл вирус жазда қалай болатынын айту қиын. Себебі біз жаз мезгіліне енді кіріп келе жатырмыз", - деді спикер ДСМ медиорталығында өткен онлайн-брифингте.
Бұған дейін комитет төрағасы COVID-19 жұқтырғандардың өсімі 7 пайыздан асқан өңірлерді атаған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!