Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова кейбір науқас коронавирусты қайдан жұқтырғанын білмейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова кейбір науқас коронавирусты қайдан жұқтырғанын білмейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ол елімізде 604 адам қауіпті індетті жұқтырғанын атап өті.
"122 жағдай ауруды шетелден алып келуге байланысты. 350-ден астам жағдай ауруды жұқтырған адамдармен байланыста болғандар: отбасы, еңбек ұжымы ішінде қарым-қатынас жасағандар. 130 жағдай жергілікті жағдай болып саналады. Яғни инфекцияның ошағын анықтау мүмкін емес", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова қазіргі таңда 16 науқастың жағдайы ауыр екенін атап өтті.
"Бүгінде 45 науқас ауруханадан шығарылды. Оның 24-і Нұр-Сұлтанда, 21-і Алматыда. 85 пайыз жағдайда ауру симптомсіз өтеді. 11,5 пайыз жағдайда науқастың жағдайы орташа ауыр. 16 науқастың жағдайы ауыр болып саналады", - деді бас санитар дәрігер.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 604-ке жетті. 45 науқас жазылды, 6 адам қайтыс болды.