ПОДЕЛИТЬСЯ
17 марта 2020 | 14:43
Коронавирус: дәрігерлерге 2-3 есе ынталандыру ақысы төленеді
Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған дәрігерлерге қосымша 2-3 есе ынталандыру ақысы төленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлер , оның ішінде жедел-жәрдем болсын, жұқпалы аурулар дәрігері, карантинде жұмыс істеп жатқан жалпы жұмылдырылған дәрігерлерге министрлік тарапынан жеке бұйрығы бойынша ынталандыру жүйесі енгізілді. Қосымша 2-3 есе өтемақы беріледі. Осы 3-4 айға белгіленген. Себебі олар халық денсаулығы үшін күресіп жатыр. Ең алдымен соларды ынталандыру үшін қабылданды", - деді Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.
Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда тағы 14 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Барлығы карантинге жатқызылды, диагнозы расталды. Олармен байланыста болған адамның барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр.
Жалпы есеппен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетіп отыр.
Показать комментарии
Читайте также