РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 июня 2020 | 16:33

Коронавирус анықталып, симптомы жоқ болса не істеу керек?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі оң болса, алайда аурудың ешқандай симптомы болмаса, үйден шықпай тұрғылықты жер бойынша емханаға бару керек немесе 3000-103 нөміріне хабарласу керек. Жедел жәрдем шақырудың керегі жоқ. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі оң болса, алайда аурудың ешқандай симптомы болмаса, үйден шықпай тұрғылықты жер бойынша емханаға бару керек немесе 3000-103 нөміріне хабарласу керек. Жедел жәрдем шақырудың керегі жоқ. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басқарма басшысының айтуынша, симптомсыз ауруларды ауруханаға жатқызу не үйіне қайтару шешімін емханадағы дәрігерлер шешеді.

"Егер сізде коронавирус анықтауға тапсырған тест оң нәтиже көрсетсе, бірақ симптомдары болмаса, жедел жәрдем шақырудың қажеті жоқ. Сізге емхана не болмаса кол-орталықтың 3000, 103 нөміріне хабарласу қажет. Сіздің ауруханаға жатқызу мәселеңіз емхана деңгейінде шешілетін болады. Осы жағдайды пайдалана отырып, халыққа жеке карантин шараларын қатаң сақтауға және мамандардың ұсынысын басты назарға алуға шақырамын", - деді ол Алматы телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Камалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны расталған науқастарды емдеуге жатқызу және бақылау алгоритміне жеке тоқталды:

Амбулаториялық жағдайдағы бақылауды МСАК мобильді бригадалары келесі алгоритмге сәйкес жүргізеді:

  • күн сайын екі рет телефонмен хабарласу;
  • жалпы жай-күйін, дене қызуын бағалау, сырқаттану бойынша шағымдарын (жөтелу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, тершеңдік, диарея, бөртпе, миалгия және тағы басқа) анықтау, сатурация (мүмкін болғанда);
  • қажет болған жағдайда бейне-консультация жүргізу, 3 күнде 1 реттен жиі емес.

Аурудың симптомсыз түрі бар адамдарды медициналық бақылау оқшаулаудың 10-шы күнінде ПТР тексеруімен немесе ПТР-тексеруінсіз 14-ші күнінде мұрын-жұтқыншақтан алынған жағындының бір рет теріс нәтижесінен кейін босатылады.

Бақылау кезеңінде клиникалық симптомдарының (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу) дамуы кезінде науқас жұқпалы аурулар стационарына жіберіледі.

Емдеуге жатқызуға COVID-19 диагнозы расталған, егер олардың температурасы 3 күн ішінде 38,5°С болса, сатурация (қанның оттегімен қанығуы) 95 пайыздан аз болса, екі өкпесінде де 25 пайыздан астам өзгерістері таралған пневмония белгілері бар (КТ нәтижелері болған жағдайда) пациенттер жатады.

Бұдан басқа, стационарға созылмалы ауыр аурулары бар, 65 жастан асқан пациенттерді және гемодиализ ем-шарасын қажет ететін, иммундық тапшылық жағдайлары бар және т.б. науқасты жібереді.

COVID-19 вирусы анықталған жатақханада, адамдар көп қоныстанған пәтерде тұратын немесе 65 жастан асқан/тәуекел тобына кіретін адамдар да ауруханаға жатқызылуы тиіс.

Еске салайық, қазір еліміздің бірқатар өңірінде коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантин шаралары күшейді. Қазақстан бойынша індет жұқтырғандар саны 14 809-ға жетті. 77 науқас қайтыс болды, 9 241 адам аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети