20 марта 2020 | 12:09

Коронавирус: Алматыда қоршауға алынған үйлердің саны өсуі мүмкін бе?

Даурен Ерболат Журналист

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қалада коронавирусқа байланысты үйлерді қоршауға алу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қалада коронавирусқа байланысты үйлерді қоршауға алу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шаһарда коронавирусқа байланысты қоршауға алынған үйлердің саны өссе де, әкімдік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Реклама
Реклама

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Техниканы "бұл жерге қою қажет пе, қажет емес пе?" деген мәселені қарастырып жатырмыз. Мүмкін, біз үйді қоршамай, тек үйдің бір кіреберісін қоршайтын шығармыз. Қандай шараларды қабылдау кажеті туралы Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік комиссиямен ақылдасып жатырмыз", - деді ол 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда тағы екі үй қоршауға алынды.

Сонымен қатар, бұл қаладағы "Сұңқар", Almaty Towers тұрғын үй кешендері қоршауға алынған болатын. 

Сондай-ақ, "Сұңқар" тұрғын үй кешені маңындағы үш үй карантинге жабылды.

Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін, маска тапшылығы қашан жойылатынын, мемлекет қанша кәсіпкерге қолдау көрсететінін айтқан.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 

Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram