РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июля 2020 | 12:07

Коронавирус: Алматы әкімі ауруханаларды оттегімен толық қамтудың жолын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы клиникаларды оттегімен қамту проблемасын шешудің жолын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы клиникаларды оттегімен қамту проблемасын шешудің жолын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы Алматыда коронавирус жұқтырғандарды қабылдайтын стационарларды науқастың жағдайына қарай 3 эшелонға бөліп, қабылданатынын атап өтті.

"Біздің ауруханалардағы орындардың 90 пайызы бос болмаған кездер болды. Кімді қандай клиникаға апарамыз деп ойланып қалған кездеріміз болды. Осы проблеманы шешу үшін стационарларды үш эшелонға: бірінші эшелон ауыр жағдайдағы науқастарға, екінші эшелон орташа, үшінші эшелон емдеуді аяқтау обсерваторлары қылып бөлдік. Осыдан жедел жәрдемнің жұмысы жүйеленді. Яғни, біз науқастың жағдайы ауыр болса, бірден І эшелонға, орташа жағдайда болса, ІІ эшелонға апарамыз және қанша бос орын барын біліп отырамыз. Осылайша, қазір клиникаларымыздың 47 пайызы босады және жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр", - деді Сағынтаев AlmatyTV арнасында өткен онлайн-брифингте.

Қала әкімінің айтуынша, 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін І эшелондағы 8 клиника толық орталықтандырылған оттегі жүйесімен қамтамасыз етіледі.

"Соңғы кезде оттегі туралы көп айтамыз. Қазір оттегі концентраторы, оттегі беру керек дегенді бәрі білетін шығар. Кейде оттегі жетпей жатыр, тағы бірдеңе жетпей жатыр деген сөздер көп. Бұл мәселені біз жүйелі түрде шешуді ұйғардық. Иә, әрине, әрбір клиникаға оттегі концентратор және басқа аппараттарды жеткізу керек. Бұл - дұрыс. Бірақ бұл бүгінгі проблеманы тез шешуге көмектеседі. Ал мәселені жүйелі түрде шешу - оттегіні барлық клиникада, 100 пайыз орталықтандырып беру. Біздің үйіміздегі орталықтандырылған жылу, су беру жүйесі сияқты болу керек. Клиникаларға да оттегімен толық қамтамасыз ететін өзінің станциясы керек болса, онда тиісті жүйе құру керек.

Біз бұған ақша бөлдік. Қазір І эшелонда жұмыс істеп жатқан 8 клиника 24 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін 100 пайыз орталықтандырылған оттегі берудің стационар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мұндай жұмыс басталды. Екінші кезеңде біз ІІ эшелондағы клиникаларға көшеміз және бұл проблеманы жүйелі түрде шешеміз", - деді қала басшысы.

Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 9 851-ге жетті. 6 024 науқас аурудан жазылды, 73 адам көз жұмды.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 76 799 адам коронавирус жұқтырды. 48 220 науқас аурудан айықты, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети