18 июня 2020 | 17:13

Коронавирус: Ақтаева 15 аймақта өсім барын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

Еліміздің 15 аймағында коронавирус жұқтыру өсімі бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің 15 аймағында коронавирус жұқтыру өсімі бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте 335 жаңа жағдай тіркелді, өсім 2,2 пайыз болды. Жалпы 15 аймақта коронавирус жұқтырудың өсімі бар. Оның ішінде Ақмола облысы, Қостанай облысы, Түркістан облысы, Павлодар облысы және Нұр-Сұлтан қаласында өсім жоғары", - деді Ақтаева.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, 12 709 науқас адам емделіп жатыр, оның ішінде 237 баланың жағдайы қанағаттанарлық. 125 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 877-ге жетті. Коронавирус жұқтырған 6 831 адамда аурудың ешқандай симптомы анықталмаған. 9 902 адам аурудана айықты, 100 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram