РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 июля 2020 | 09:20

Қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша 7,2 миллиард теңге бөлінді - Цой

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алдыңғы шепте жүрген мамандарға қорғаныс құралдарын сатып алу үшін үкімет қорынан 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алдыңғы шепте жүрген мамандарға қорғаныс құралдарын сатып алу үшін үкімет қорынан 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында және правизорлық стационарларда 1 958 жасанды тыныс алдыру аппараты (ИВЛ) бар. Алдағы уақытта әкімдіктермен бірге қосымша 4 183 аппарат сатып алынады. Оның 3 105-і отандық тауар өндірушіден алынады.

"Алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер үшін қорғаныс құралдарының қоры құрылды. Үкімет қорынан осы мақсатқа 7,2 миллиард теңге бөлінді. Оның аясында 41 миллион маска, 27 миллион медициналық қолғап, 379 мың қорғаныс киімдері және 1,2 миллион ПТР-тест сатып алынып жатыр", - деді ол Үкімет отырысында.

Жағдай тұрақталып келеді - Алексей Цой елдегі коронавирус туралы

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 71 838-ге жетті. 43 401 науқас жазылды, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети