РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 марта 2020 | 18:48

Қордайдағы қақтығыс: полицияға бағынбағандар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев Жамбыл облысы Сортөбе ауылында полицияға бағынбаған 3 тұрғын 1,5 жылға сотталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев Жамбыл облысы Сортөбе ауылында полицияға бағынбаған 3 тұрғын 1,5 жылға сотталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қордай ауданы Сортөбе ауылында 3 тұрғын полицияның талабына бағынбай, жанжал шығарған. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған.

"4 ақпан күні Сортөбе ауылындағы тұрғынның бірі Honda Odyssey маркалы көлігімен полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, үйіне кетіп қалған. Үйінің жанында көлік жүргізушісі туыстарымен полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған. Күдіктілер бірден ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, бас прокурордың орынбасары тұрғындардың тәртіп бұзғанын желідегі видеодан анық көруге болатынын атап өтті.

"Олардың заңсыз әрекеті полиция қызметкерлерінің жауабымен ғана емес, куәгерлердің телефонына жазылған көптеген бейне жазбамен расталды. Осы оқиғаны интернет ресурстарындағы бейне роликтерден де көруге болады", - деді Ерлік Кененбаев.

Сондай-ақ, ол өткен аптада тәртіп бұзғандар сотталғанын атап өтті.

"Осы жылдың 18 наурызында 3 адам сот үкімімен кінәлі деп танылды. Сот әрқайсысына 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, 25 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Ауқатты және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети