РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 февраля 2020 | 22:35

Қордайдағы қақтығыс: Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында Жамбыл облысы Қордай облысында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында Жамбыл облысы Қордай облысында болған қақтығысқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

"Ең алдымен Қордай ауданындағы жағдайға келетін болсақ, онда кішігірім жанжалдың салдарынан бірнеше адам қайтыс болды, зардеп шеккендер де бар. Қайтыс болғандардың отбасына өз атымнан, сіздердің атыңыздан, еліміздің атынан шын жүрегімнен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Біздің Президентіміз ол жайында мәселелерді өте шұғыл қабылдап, нақты тапсырма берді, ел атынан көңіл айтты. Жанжал тұрмыстық кикілжіңнен басталды. Оның күрделі салдары тұрғындардың бір бөлігінің ашу-ызасын келтірді. Қандай қылмысы болса да адамның жанын қиюға бола ма? Сондықтан бұл өте оңай жағдай емес біз үшін", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Сондай-ақ, ол бұл жағдайдан қатты қиналғанын, қынжылғанын айтты.

"Шынын айтқанда бұл мені өте қатты қинап, қынжылтқан мәселе болды. Себебі 30 жылдың ішінде қандай қиындықтан өттік. 1991-1992 жылдары дүниеге келген балалар қазір жаңадан 30-ға келіп жатыр. Білмейді ештеңені. Қазақстанның 130 мекемесі тоқтап қалды. 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды, жалақысыз қалды. Сондай қиындықтардан өттік емес пе. Ол оңай болған жоқ. Соны басып, көпұлтты халқымызды тыныштыққа шақырып, бүгінгі тұрақтылық болмаса ешкім бізге инвестиция әкелмес еді, экономика жұмыс істемесе, бүгінгі жағдай болмас еді. Тыныштық болмаса ештеңе болмайды. Мәңгілік ел де, ештеңе де болмайды", - дейді Елбасы.

Сондықтан, оның айтуынша, Қазақстан халқы жақсылап ойлануы керек. 

"Әрине, билік басында отырған азаматтардың алға қойған міндеті бар. Бірақ бұл халықтың міндеті - ішіміздегі тыныштықты сақтау. Сондықтан бұл мәселені жіті тексеріп, әр қылмыскерге тиісті жазасын беру керек. Құқық қорғау органдарының да, жергілікті әкімшіліктер, облыс, аудан, ауыл әкімдіктері қайда болды? Біздің ассамблея бар. Ассамблеяның өкілеттік құқығы жоқ, дегенмен сондай мәселе шығады деген жерлерді біліп отыруы керек. Менің мақсатым - болашақ ұрпақты Қазақстанды мақтан тұтатындай дәрежеге жеткізу. Аға буынның миссиясы - түсіндіру, әр жасқа, әр адамға тәуелсіздікті сақтап, өркениетті әрі тұрақтылығымызды сақтап қалу міндетіміз, мәңгілік ел болу міндетіміз. Сондықтан баршаңызды барлық деңгейдегі басшыдан бастап қарапайым азаматқа дейін парасаттылық танытып, елімізге адал болуға шақырамын. Біз бірге болған жағдайда ғана жарқын болашақты қамтамасыз етеміз", - деді Елбасы.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 170 адам көмек сұрап келді. Кейін облыс әкімінен бастап бірнеше шенеунік қызметінен босатылды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети