РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 февраля 2021 | 16:59

Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатыр - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткізген кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткізген кеңесте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларына қатысты ойын айтты. 

"Мысал ретінде, көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатыр. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді.

Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек. Бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнатқан жөн. Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашы болуы тиіс", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети