30 апреля 2020 | 12:27

Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын өсіру туралы заң мақұлданды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: siapress.ru

Сенаттың жалпы отырысында "Ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актіге түзетулер енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенаттың жалпы отырысында "Ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актіге түзетулер енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл заң жобасына Парламенттің бір топ депутаты бастамашы болды", - деді Сенат төрағасы Дариға Назарбаева. 

Реклама
Реклама

Бастамашылардың атынан Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина сөйледі. Ол екі заң жобасын ұсынды. Біріншісі көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты, екіншісі террористік әрекеттен зардап шеккен, Қазақстанға оралған балаларға қолдау көрсетуге қатысты болды.

Бірінші заң жобасының аясында сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға арналған жәрдемақының мөлшерін 4 айлық есептік көрсеткіштен және әрбір кейінгі балаға 10 мыңнан астам теңгеден белгілеу ұсынылды. 

"Аталған заң жобасын балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Өздеріңізге мәлім, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар отбасылар үшін жаңа заң жобасы енгізілді. Ол отбасының кірісіне қарамастан, 42 496 теңгеден бастап 74 388 теңгеге дейінгі мөлшерде тағайындалады. Көпбалалы отбасындағы балалардың жәрдемақы алу құқықтарына нұқсан келтіруді болғызбау мақсатында заң жобасында сегіз және одан көп балаларға арналған жәрдемақының мөлшерін 4 айлық есептік көрсеткіштен және әрбір кейінгі балаға 10 мыңнан астам теңгеден белгілеу ұсынылып отыр. Осылайша 8 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 84 832 теңге, 9 балаға 95 436 теңге, 10 балаға 106 000 теңге және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен беру ұсынылып отыр", - деді Айгүл Нұркина.

Депутат көпбалалы отбасыларға қатысты заңның кері күші барын айтты.

"Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде 8-ден 15-ке дейінгі балалары бар 2 451 отбасы бар. Бұдан басқа осы нормаға кері күш беріліп отырғанына сіздердің назарды аударғым келеді және ол 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Осылайша, біздің көпбалалы отбасыларымыз жоғарылатылған жәрдемақы алады", - деді ол.

Содан соң Мәжіліс депутаты екінші заң жобасын таныстырды. Онда террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту тәртібін айқындау жөніндегі құзыретті ҚР Білім және ғылым министрлігіне бекітуді ұсынды.

"Екінші жаңалық - террористік әрекеттен зардап шеккен, Қазақстанға оралған балаларға қолдау көрсету. Жүргізілген гуманитарлық операциялар аясында қақтығыс аймақтарынан 447 бала мен 164 әйел қайтарылды. Заң жобасында террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту тәртібін айқындау жөніндегі құзыретті ҚР Білім және ғылым министрлігіне бекіту көзделіп отыр. Тұтастай алғанда заң жобасы Конституцияның нормаларына және ҚР қолданыстағы заңнамалық актілеріне қайшы келмейді. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-құқықтық салдарға алып келмейді. Жоғарыда айтылғанның негізінде заң жобасын қолдауды сұраймын", - деді ол.

Бас комитеттің заңды қабылдау жөніндегі ұсынысы мен осы мәселе бойынша Сенат қаулысын барлық депутат қолдады. Заң қабылданды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram