РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 октября 2023 | 10:03

"Қонақ келгенше кетіп қалыңызшы". Әншілердің отбасылық аспазына айналған Назгүл мамандығының құпиясын бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

жеке архивінен жеке архивінен

Қазір қонақ шақырғанда аспазды үйге шақыру сәнге айналып келеді. Солардың бірі - Назгүл Бердіғараева. Эстрада әншілеріне жиі қызметін ұсынатын аспаз бұл саланың қызығы мен қиындығы туралы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Қазір қонақ шақырғанда аспазды үйге шақыру сәнге айналып келеді. Солардың бірі - Назгүл Бердіғараева. Эстрада әншілеріне жиі қызметін ұсынатын аспаз бұл саланың қызығы мен қиындығы туралы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Қазір ешкімнің уақыты жоқ"

Назгүлдің шыққан алғашқы тапсырысы 5000 теңге болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?‍?Выездной повар на дом! (@povar_almaty_povar)

"Негізі бұл кәсіпті бастау көптен бері ойымда жүр еді. Үйде өзіміз қонақ шақыратын болсақ, көмекке келіндерді немесе басқа туысқандарды шақырамыз. Олар риза болмаса да келуі мүмкін. Қазір ешкімнің уақыты жоқ. Ал олар қонақ шақырғанда өзің де баруға тиіссің. Мұның бәрі адамдарды шаршатады. "Әркім өз ісімен айналысуы керек қой" деп ойладым. Өзім бұрыннан тамақ пісіріп, үйде дастархан жасағанды ұнататынмын. Сөйтіп, осы саланы бастағым келді. Алғашында 7-8 жыл мейрамханада жұмыс істедім. Кейін өзім үйден алғашқы тапсырысымды қабылдадым. Әлі есімде, 2018 жылы құдалық тойға 5000 теңгеге екі салат пен қуырдақ жасап беруге шыққанмын. Сол кезде өзіме риза болдым. Себебі бұл баға дәл сол жылдары біздің бір күндік ақымыздың бағасы еді. Ал мен тапсырыс алған үйде тек 4-5 сағат қана жұмыс істеп, кетіп қаламын. Бұл өте тиімді еді. Сөйтіп, туысқандарым, одан кейін олардың таныстары шақырды. Біраздан соң әлеуметтік парақша ашып, жұмыстарымды сала бастадым. 4-5 айдан соң тапсырыстар көбейді. Жалғыз өзім үлгермейтін болған соң қасыма қыздар алдым. Қазір өзімнен бөлек 8 қыз бар. Қыздарды таңдағанда икемділігіне қарап таңдадым. Сонымен қатар, біздің мамандықта жылдамдық өте маңызды. Бұл қызмет түріне қазір сұраныс көп. Тіпті қазір желтоқсанға алдын ала тапсырыс беріп жатыр. Былтыр желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жұмыс жүрмейтін болар деп ойладық. Өйткені халық та ол кезде көп той жасамайды ғой. Бірақ әркімнің ризық-несібесі бар ғой. Кәдімгідей көп сұраныс түсті. Ал ақпан айында мастер-класс жасап, біршама қаражат жинадық", - деді аспаз.

Оның айтуынша, бұл - нағыз шығармашылықты қажет ететін жұмыс. Сол үшін көп ізденетінін жеткізді.

"Өзім Алматы технологиялық университетінде "Тағам өндірісінің технологиясы" мамандығын бітірдім. Бірақ теорияны оқыған бір бөлек, ал тәжірибеде бәрі басқаша. Сондықтан да, мастер-класстарға жиі қатысып тұрамын. Әсіресе, ресейліктерді көп оқимын. Аспаз адамның қиялы шексіз болғаны жөн. Аз нәрседен өте әдемі, тартымды дүние шығару керек. Бұл шығармашылықты қажет ететін жұмыс деп айтар едім. Сол үшін де үнемі ізденісте жүремін", - деді Назгүл.

Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети