РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 ноября 2019 | 17:38

Колония, түрме, уақытша ұстау изоляторы. Абақты түрлерінің айырмашылығы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Елімізде қылмыскерлердің жазасын нақты қайда өтейтінін сот шешеді. Олар сотталушыларды колонияға, түрмеге немесе уақытша ұстау изоляторына қамауы мүмкін. Бірақ халыққа оның барлығы бір ұғым, бір мағынадай көрінеді. Бұл мекемелердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Сотталушыларды жаза өтеу мекемелеріне қалай бөледі? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын анықтап білді.


Елімізде қылмыскерлердің жазасын нақты қайда өтейтінін сот шешеді. Олар сотталушыларды колонияға, түрмеге немесе уақытша ұстау изоляторына қамауы мүмкін. Бірақ халыққа оның барлығы бір ұғым, бір мағынадай көрінеді. Бұл мекемелердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Сотталушыларды жаза өтеу мекемелеріне қалай бөледі? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтардың жауабын анықтап білді.

Заң бойынша, сотталушының жазаны қайда өтейтінін сот шешеді. Кейін уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне сот үкімі хабарланып, қылмыскерлер сол изолятордан түрмеге немесе колонияға айдауылмен жеткізіледі. Бұл 10 күн ішінде орындалуы тиіс.  

Уақытша ұстау изоляторына кімдер қамалады?
 

Уақытша ұстау изоляторына кез келген заңбұзушылық жасаған адам жеткізіледі. Қылмыс жасады деген күдіктілер де бірінші кезекте уақытша ұстау изоляторына қамалады. Бірақ заң бойынша оларға қатысты қамауда ұстау туралы сот үкімі шығуы керек. 

Уақытша ұстау изоляторының басқа жаза өтеу мекемелерінен ерекшелігі жазаланған адам изолятор аумағында немесе аулада жүре алмайды. Олар камераға орналастырылады және оларға сыртқа шығуға тыйым салынады. 

© Tengrinews.kz

Изолятордың түрме мен колониядан басты ерекшелігі бұл түзету мекемесі емес, ол жазасын ұзақ уақыт өтейтіндерге арналмаған. Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгендер камерада сот үкімі немесе әкімшілік іс шешілгенге дейін (әдетте бірнеше тәулікке созылады) дейін ғана болады, айыптау актісі шыққан соң ғана ол колонияға немесе түрмеге жеткізіледі.

Колония несімен ерекшеленеді?
 

Колония да түзету мекемелерінің бір түрі болып саналады. Олар тәрбиелеу және түзету колониялары болып бөлінеді. Түзету колониясының өзі жалпы тәртіптегі, қатаң тәртіптегі және ерекше тәртіптегі колония болып бөлінеді. Тәрбиелеу колониясының ерекшелігі онда кәмелет жасына толмағандар ғана жазасын өтейді және көп болса олар 10 жылға сотталады. Оларға кейбір жағдайларда жеңілдіктер жасалады екен. Ал жалпы түзету колонияларында бұрын сотты болған немесе қасақана қылмыс жасаған сотталушылар жазасын өтейді.

Колониялардың түрмеден басты артықшылығы деп бірінші кезекте сотталушыларда жылына 10 рет туыстарымен кездесу мүмкіндігі бар екенін атап өтуге болады. Оның үстіне мереке күндері де тәртібі дұрыс болса, туыстармен кездестіреді екен. Ал қылмысы жеңілдеу сотталушылардың тіпті 12 рет кездесу мүмкіндігі бар. Ал колонияның қатаң тәртібінде жаза өтеушілер жақындарымен небәрі 6 рет қана кездесе алады.

© Tengrinews.kz

Тағы бір ерекшелігі ретінде колонияда асүй бөлмесі, кір жуатын бөлме, дүкен, жатақхана, кітапхана, медициналық бөлменің қолжетімді екені айтылады. Сотталушыларға онда емін-еркін өз үйлеріндей сезінуге барынша мүмкіндік жасалады екен.

Түрмедегі ережелер қандай?

 

Түрме жаза өтеудің сонғы инстанциясы болып саналады. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, түрмеге тек 3 жылдан аса уақытқа сотталғандар мен аса ауыр қылмыс жасағандар ғана жеткізіледі. Сондай-ақ, колония мен тергеу изоляторларында тәртіп бұзған сотталушылардың түрмеге ауыстырылып, жаза өтеу мерзімі ұзаратыны айтылады. Түрмеде жаза өтеу тәртібі екіге бөлінеді екен: жалпы ережелер мен қатаң ережелер.

Түзету мекемесінде қандай да бір ереже бұзған адам бірден қатаң тәртіпке ауыстырылады. Осы ережелердің әрқайсына тоқталсақ, жалпы ережелер бойынша жазасын өтеушілерге туыстарымен жылына 4 рет кездесуге рұқсат беріледі, бірақ уақыт интервалы түрме ережесі бойынша бекітіледі.

Сондай-ақ, осы санаттағы сотталушыларға төсек жабдықтары беріліп, күнделікті 2 сағат уақыт аулада серуендеуге рұқсат екені айтылады. Ал тәртібі жақсы болса, тағы 30 минут қосылады.

Ал қатаң тәртіпте жазасын өтеушілер жылына тек 2-ақ рет туыстарымен кездесе алады және ол уақыт өте аз. Жылына бір рет төсек орын беріледі, ал күнделікті серуендеу уақыты - 1,5 сағат. Мұның барлығы жазасын түрмеде өтейтіндерге ғана қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети