РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 июля 2018 | 01:10

"Көліктің айнасы емес, xалықтың айнасын ұрлады ғой" - Ойтолғау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кешегі күннің кешінен бері Қазақстан жұрты аза тұтып жатыр. Халықтың сүйікті ұлы, талантты спортшы Денис Теннің өмірі кенеттен үзілді. Небәрі 25 жасында өмірімен қош айтысқан Денис 10-15 жылдан соң Қазақстанның чемпиондарын даярлауды арман еткен. Қазақстан мен әлем елдерінің халқы, спортшылары, әлеуметтік желі мен мессенджер қолданушылары жас таланттың қазасын ауыр қабылдап, отбасына көңіл айтуда. Не себепті осындай жағдайға душар болды деген сұраққа әркім өз білгенімен ойын айтып жатыр. Тengrinews.kz тілшісі Facebook желісінде елге танымал азаматтардың осы жағдайға байланысты ойтолғауларын тізіп шықты.
 
Қазыбек Иса, ақын:


Кешегі күннің кешінен бері Қазақстан жұрты аза тұтып жатыр. Халықтың сүйікті ұлы, талантты спортшы Денис Теннің өмірі кенеттен үзілді. Небәрі 25 жасында өмірімен қош айтысқан Денис 10-15 жылдан соң Қазақстанның чемпиондарын даярлауды арман еткен. Қазақстан мен әлем елдерінің халқы, спортшылары, әлеуметтік желі мен мессенджер қолданушылары жас таланттың қазасын ауыр қабылдап, отбасына көңіл айтуда. Не себепті осындай жағдайға душар болды деген сұраққа әркім өз білгенімен ойын айтып жатыр. Тengrinews.kz тілшісі Facebook желісінде елге танымал азаматтардың осы жағдайға байланысты ойтолғауларын тізіп шықты.
 
Қазыбек Иса, ақын:

"Мұз үстінде билеген мұзбалақ ұл еді…

Адам өлтірген көлік айнасы -
Бүгінгі қоғам - өмір айнасы!

Мұз үстінде билеген мұзбалақ ұл Өмір мұзайдындай теп-тегіс емес екенін білмеді.... Мұзжүректер қолынан қапыда қаза тауып, қыршын кетті... Өрімдей жас еді....
Өлім түгілі ұрсуға қимайтын жаны да, тәні де нәзік болмысты, жайдары да жайсаң ұл еді Денисжан! 
"Мен Қазақпын!" - деп, әдемі жымиып тұратын оғланға қарап оны өзге ұлт өкілі деп ешкім ойламайтын. Ол Қазақстаннның Көк туын көкке талай көтерген көкөрім Олимпиада жүлдегері, әлемдік аламандардың чемпионы еді...

Кешелі-бері қайғырып жатқан елге қарап, Денистің бүкіл халықтың ұлына – Қазақтың ұлына айналып кеткеніне куә болдық. Жаңа ғана сонау Түркістан облысы Жетісай ауданы Нұр ауылының биі Шәрипа Әлиханова апайымыз телефон соқты. "Мынау бір ауыр қайғы болды ғой, содан бас көтере алмай жатырмын" - деп, зорға сөйлеп тұр. Қазір ғана жедел жәрдем шақырып, ем жасап кетіпті… "Алматыға хабарласып, ешкімді таба алмай жатырмын. Біздің атымыздан Денистің қоштасуына барып, гүл қойсын деп едім" - дейді қазақ ақындарын жатқа оқитын қайран апайымыз…"

Өкініш өзек өртейді! Денистің әке-шешесіне, отбасына, туған-туыстарына, елге көңіл айтамыз.

Жатқан жері жайлы болсын!".

Ақберен Елгезек, ақын:

"Біздің елде екі өмір, тіпті бір біріне қатыссыз, бірақ үсті үстіне қабаттасқан параллель бірнеше өмір өтіп жатқан сияқты. Қылмыс әлемі бақылаусыз өзімен өзі, қоғам өзімен өзі, әр сала өзімен өзі. Біреудің проблемасы біреуді қызықтырмайды. Өлсең, көме салады да ары қарай ысқырып жүре береді. Қазақты құртса немқұрайдылық құртады деп жазғанбыз. Өзгермегенбіз". 

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

"Ел болып қайғырып, xалық болып көңіл айтып жатыр. Қазақстан ең үздік спорт шеберінен айырылды
Бәріміз аза тұтып, дұға етудеміз. Үніміз бір жерден шығуда. Көкірек толып тұр. Әлемдік деңгейде ел абыройын асқақтатып жүрген спортшының көше ұрыларының қолынан әйнек үшін қаза тапқаны қандай ауыр?! Біз көп жерде ойланбай сөйлей саламыз, сөгуге әзір боламыз, барында қадіріне жете бермейміз. Ары мен намысына тиюге ұстамыз. Күшімізді майыстыруға, мұқалту мен сындыруға саламыз. Жалғыз Денистің жағдайы емес, көз алдымызда күнде жүрекке тиер пікірлер жазылады, айтылады. Адам жанынан дүние қымбат заманда бағалаудың да бағасы қалмады. Денис өзімен орындалмаған арман мен жете алмаған мақсатын алып кетті. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде барымызды және айналамызды құрметтеп өтейікші. Бір ғана сөз "сыйластық". Сол жауыздар оны еңбегі мен жеткен жетістігі үшін сыйласа, бәлкім, бұлай болмас па еді?! Аллаxым жатқан жеріңді жарық, топырағыңды мамық етсін
*Кім жауапты, баламызды қалай көшеге қорықпай жібере аламыз?
*Кім бізді қорғайды?
*Қаңғырған,ешкімге керек болмай қалған 90-ның жастары
*Қайғы ұлтқа бөлінбейді".

Бекзат Жүсіп, журналист:

"Мына қоғамға, елдің болашағына деген сенім күннен-күнге азайып бара жатыр...(((".

Арай Әлімхан:

"Не деген тәрбие, қандай шынайылық пен көргенділік! Қанының тазалығы мен руxының мықтылығы осыдан болса керек... Қазақстанды ең мықты мемлекет, қазақтарды ең керемет xалық деп жас жүрегі адал соққан Денистің қадірін қазақ түсінді ме? Сорлы қазақ десем өзіме тиеді. Айтпасам өзегім өртеніп барады!
Қазақты бауырым деп жүрген, мыңдаған қазақтың баласы жасамаған ауыр жұмысты жасап, елдің туын асқақтаған Денисті екі қазақ өлтіріп кеткеніне жаным ауырып барады.
Қазақпын деп көкіректі соғасындар, не істедіңдер ел үшін? Өз қара бастарыңды ойлап, ешкіммен шаруаң жоқ. Қытайлықтар қыздарымызды алып кетпесін, шетелдікке бермейміз деп шулап жүрсіңдер. Ал шыңдығына келгенде қазақты құртатын қазақ. Іштен шыққан жыландай, бір-біріңді күндеп, ру мен облыс бойынша бөліп, аңдығандарың өсек, әртістің өмірі, той-томалақ, біреудің ұятты жері.
Денисті пышақтап кеткен екі сүмелек оны таныды деп ойлайсыздар ма? Жоқ! Олардың өмірі бөлек, түкке қызықпайды. Олардың анасы тәрбие берді ме? Жоқ! Аңдығаны көршінің үйі мен өсегі.
Қашан біз ел болып есімізді жиямыз? Мынау алаңқайыр жердің не қызығы керек, батыр атамнан дұрыс тұяқ қалмаса? Өңшең сорлы-сүмелектен бала туып, солай өмір сүре береміз бе?
Қыздар, аналар, әйелдер! Еркекке сеніп бетіне қарап отыра бермей, жоқ дегенде өз балаларыңыздың тәрбиесімен айналысыңздар!бесік түзелмей-ел түзелмейді. Бұл біздің қолымызда!
Денистің анасына ұқсап-бағайық. Мүмкін сонда ғана "елім, xалқым, Отаным" дейтін жанашыр ұл өсіре алармыз...
Сосын шет елге оқуға, үйренуге, сауатын ашуға немесе жәй өмір сүруге кеткенді күндемеңдерші, құдай үшін. Денис Америкадан келмегенде тірі болар еді.
Сосын ұрланған затты сатып алмаңыздаршы!
Сосын өтірік патриотизм қосып "қазақша сөйле" демеңдерші! Осылай оттаған мыңдаған сасықтан бір Денис миллион есе артық.
Сосын, жігіт болсаң, намысыңа тисем, жауап бермеші. Үндемей іспен дәлелдеші!".

Мұхамеджан Тазабек: 

Көліктің айнасы емес, xалықтың айнасын ұрлады ғой, қаныпезерлер...
Жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз!

Алмас Алтай, тележүргізуші:

"RIP

"Құдық қазамыз" деп Інім Сартөбеге ап кеткен. Түсқайта кеткеміз.

Қараштың жобасынан-ақ сетсіздік.

Сонымен, үш-төрт сағаттай Жиделінің құмы, Тоқпанның басынан құдық қаздық. Сүйттік те, күн ұясына қонар, қонбас Қызанға беттедік.

"Көк тай сойғанның құмағынан" Altelдің сетіне ілінеміз.

... Уацаптағы xабарламалар сұп-суық, жүрек қариды.

Фейсбуктың да көз алды күлтілдеп тұр екен...

Қоғамды кінәлайды. Елдің болашағына сенбейді.

"Жиырма жеті жылда сапалы тіс шұқығыш өндірердей экономика құра алмасақ та тапайдың тал түсінде адам бауыздап кете беретін қотам құрдық" деп Есілдің сол жағалауы опынбаса Сенің күңіренісіңді кім тыңдап жатыр, Қазеке?

Жиырма бестің өлімінің өкіндірмесі, өксітпесі болмайды. Бірақ, Денис Тен - біз жоғалтқан 25тердің ішіндегі ең бір аяулысы, жалпықазақтық маxаббаттың иесі еді...

25 жылда берерін берді де кете барды байғұс балақай.

Анығында, Өзіміз кетіріппіз.

Бақұл бол, бауырым!".

Ержан Жаубай:
 
"Маңдайың кереқарыс болса да, мына тайқы маңдай елге сидыра алмадық-ау, бауырым! 
"Ат басындай алтын берсе де айырбастағың келмеген елің" адырақалғыр айнаға бола жаныңды алды ғой...
Сен кешір біздей сормаңдай елді...".

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети