РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 сентября 2020 | 13:00

"Көлікті алысқа қой". Қазақстандықтар карантинде той жасау үшін қандай "қулыққа" барады?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vulcanestimd.com Фото: vulcanestimd.com

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин режимі жеңілдетілді, бірақ әлі аяқталған жоқ. Алайда маусым-шілде айында той жасаудан "қорқып қалған" қазақстандықтар бүгінде асаба, мейрамханамен ымдасып, қуанышты күнін атап өтуден қаймығар емес. Тіпті шенеушіктердің арасында карантиннің аяқталуын күтпегендер де бар. Ол үшін түрлі айла табады.


Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин режимі жеңілдетілді, бірақ әлі аяқталған жоқ. Алайда маусым-шілде айында той жасаудан "қорқып қалған" қазақстандықтар бүгінде асаба, мейрамханамен ымдасып, қуанышты күнін атап өтуден қаймығар емес. Тіпті шенеушіктердің арасында карантиннің аяқталуын күтпегендер де бар. Ол үшін түрлі айла табады.

Ел тұрғындарды карантин кезінде той өткізу үшін қандай "қулық" жасады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов пандемия кезінде той жасағандар жауапқа тартылатынын айтқан. Алайда, "жауапқа тарта алмай жатыр ма, әлде тартқысы келмей жатыр ма" белгісіз. Әйтеуір Қазақстанда той өтіп жатыр. Тек заң бойынша айыппұл салынған азаматтар бар.

Мейрамханада жарық жоқ

Иә, карантин шағын бизнеске қатты "соққы" жасады. Сондықтан дағдарыстан шығу үшін түрлі амал керек. Мейрамхананың көше жақ бетіндегі жарық сөндіріледі, негізгі кіреберісі жабық тұрады. Қонақтарға алдын ала ескертіледі. Сөйтіп олар жарықтың жоғына қарамастан, артқы жақтағы есікті көздеп келеді және жаңылыспайды. Мейрамхана жабық болып көрінгенмен, ішінде дүркіреген той.

"Instagram Stories-ке геолокация белгілемеңіз"

Қазір танысыңның қайда жүргенін Instagram Stories арқылы біліп отыру оңай. Әсіресе, той өтіп жатса, әдемі макияж, көңілді биді Instagram Stories-ке жариялағысы келетіндер аз емес. Бірақ карантин кезінде тойға келген қонаққа асаба: "Instagram Stories түсіре беріңіздер, бірақ геолокация, мейрамхана атауын белгілемеңіздер" деп алдын ала ескертеді. Тойға тығылып келген қонақтар той тізгінін ұстаған тамаданың айтқанын бұлжытпай орындайды. 

Әншілер де ескертеді

Өткенде тойға мораторий жариялау керек дегенде, бір топ әнші шулап шықты. Қазір басылды. Сөйтсек олар тойға шығып жүр екен. Көңілі орнына түскен ғой. Асабадан қалыспай, қонақтарға әншілер де ескертеді: "Өтініш, Instagram Stories-ке белгілемеңіздерші".

Бірақ оны орындамайтын қазақстандықтар бар. Мысалы, жақында Желіде Ақтауда өткен үйлену тойының видеосы тарап, онда блогер тойдың қалай өткенін айтып берді.

Видео Kozachkov offside Telegrаm-каналында жарияланды.

"Жасырын өткізіп жатқан үйлену тойыңды жандандырғың келе ме - онда тойға Instagram жұлдызын шақыр. Бұл тағы да Ақтау, онда жергілікті билік ештеңені бақыламайды, сонымен қатар оның барлығын өздері ұйымдастырады", - деді блогер видеосында.

"Көлікті алысқа қойыңдар"

Тойға көлікпен келген қонақтар "сәл қиналады". Неге? Себебі той иелері көлігін мейрамханадан 1-2 шақырым алыс жерге қойып кетуін өтінеді. Себебі мейрамхананың алдындағы тұрақта көлік тұрса не жақын жерде тұрса, бірден көзге түседі. Сақтық керек.

Темекі шегуге болмайды

Темекімен "дос" адамдар үшін тойға бару оңай болмай тұр. Себебі бұрынғыдай есік алдына шығып, достармен қалжыңдасып, темекі тұтатуға мүлдем болмайды. Артқы жақтан шығып, тығылып, иісін "сездірмей" шегу керек. 

Төбелеске "жақындар" шақырылмайды

Той-тойымен, бірақ тойға келіп шу шығаратын, кейде тіпті төбелесіп кететін азаматтар кездеседі. Мұндайда жауапкершілікті мейрамхана әкімшілігі мойнына алмайды. Той иесі жауап береді. Сондықтан ол төбелеске "жақын" туыстарын шақырмайды.

Полиция біліп қойса, кім жауап береді?

Заң бойынша той өткізген мейрамхана иесі мен той ұйымдастырушыға айыппұл салынады. Алайда қазіргі тойда кім қандай жағдайда айыппұл төлейтінін алдын ала келісіп алады. 

"Көршілерің жақсы болсын"

Бәрінен қызығы үйде өткен той болып тұр. 90-жылға қайта оралған қазақстандықтар үшін "настольгия". Қызыл кілем төсеп, палатка құрып, домбырамен әнші, асабаны шақырып, шағын той жасайды. Бірақ ол тойда 30 адам жүр ме, 60 адам жүр ме, ешкім білмейді. Тек "көршілерің жақсы болса, болды". Ешкім шағымданбаса, полиция да естімейді. 

Біз ел аузынан естіген "қызықтарды" жаздық. Мүмкін қазақстандықтар той жасау үшін басқа да "қулық" жасайтын шығар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети