Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгін халықпен онлайн кездесіп, есеп берді. Тұрғындар әкімге онлайнда сұрақ қойды. Қала тұрғындарының бірі Диего Амадо Мадридтен (Испания) келген және 4 жылдан бері елордада тұратынын айтып, әкімге ұсыныс жасады. Диалог ағылшын тілінде жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен төрт жылдан бері Нұр-Сұлтанда тұрамын. Мен өзім келген қаламнан көрген тәжірибемді бөліскім келеді. Мадридте демалыс күндері немесе мереке күндері адамдар көлікті қолданбауы үшін, кептеліс болмауы үшін көшелер жабылады. Сонда адамдар жаяу, велосипедпен серуендей алады және бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсарта алады. Менде осындай ұсыныс бар, қалай қарайсыз?" - деді Диего Амадо әкімге.
Алтай Көлгінов тұрғынның ұсыныс қарастыратынын және жақынырақ танысу үшін жобаларға қатысуын сұрады.
"Бізде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы жоба бар. "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" деп аталады. Онда негізгі үш бағыт бар. Жаяу жүргіншілер үшін айтып отырған ұсынысыңызға рақмет. Сізді біздің жобаларымызға қатысуға және біздің командада болуға шақырамын", - деді Көлгінов ағылшын тілінде.
Айта кетейік, бүгін елордада қала әкімі халықпен онлайн кездесіп жатыр. Бұған дейін қаладағы төрт ауданның әкімі осындай кездесу өткізген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!