ПОДЕЛИТЬСЯ
26 февраля 2020 | 09:59
"Көлігім мен 2,4 миллион ақша құйдым". "Гарант 24 Ломбардтан" алданғандар оқиғасын айтты
Кеше астаналық тұрғынның "Гарант 24 Ломбардқа" берген көлігін қайтарып алғаны хабарланған. Бірақ компанияға көлігі мен ақшасын беріп, оны қайтара алмай жүргендер жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі "Гарант 24 Ломбардтан" зардап шеккен тұрғындармен әңгімелесті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше астаналық тұрғынның "Гарант 24 Ломбардқа" берген көлігін қайтарып алғаны хабарланған. Бірақ компанияға көлігі мен ақшасын беріп, оны қайтара алмай жүргендер жетерлік. Tengrinews.kz тілшісі "Гарант 24 Ломбардтан" зардап шеккен тұрғындармен әңгімелесті.
"Екі ай ақшамды алып үлгердім"
"Гарант 24 Ломбардтан" зардап шеккендердің бірі - Тараз тұрғыны, ол аты-жөнін жазбауды сұрады. Айтуынша, ол бұл компанияға көлігін сата алмай жүрген соң барған.
"Көлігім - 2002 жылғы Lexus GS 300. 3 миллион 200 мың теңгеден жоғары бағаға сатқым келіп жүрген, бірақ ұзақ уақыт бойы өтпеді. Мені қайдан тапқанын білмеймін, "Гарант 24 Ломбардынан" хабарласты. Олар көлікті көріп, оны 3 миллион 400 мың теңгеге бағалады", - дейді ол.
Тараз тұрғыны бұл сомаға келісіп, көлігін "Гарант 24 Ломбардына" берген. "Ақшамды үш ай бойы асықпай алып тұрармын деп ойладым" дейді өзі.
Оның айтуынша, басында бәрі жоспардағыдай болған.
"Алғашқы екі айда 900 мың теңгеден алып отырдым. Бірақ, міне, соңғы айды ала алмай қалдым. 907 мың теңге алуым керек еді", - дейді ол.
Енді бұл мәселесі бойынша қайда барып шағымданарын білмей отырғанын айтады.
"Біз де алдандық". "Гарант-24 Ломбардты" жарнамалаған жұлдыздар мәлімдеме жасады
"5,3 миллион теңгемнен айырылдым"
Ақтөбе тұрғыны "Гарант 24 Ломбардқа" барып, көлігі мен үй алуға жинап жатқан ақшасынан айырылғанын айтады. Ол да аты-жөнінің жасырын қалғанын қалады.
"Гарант 24 Ломбард" туралы таныстарымнан естідім. Үй алуға ақша жинап жатқанмын, бірақ ол сома пәтер алуға жетпей тұрды. Әкімдік алғыс хатпен марапаттағанын көрген соң, сенім артып, "Гарант 24 Ломбардқа" жүгіндім. Басқалардың сонда барып, табысын арттырып жатқанын көрдім", - дейді ол.
Сөйтіп, Ақтөбе тұрғыны "Гарантқа" ақша салу үшін көлігін сатқан.
"Көлігім 2018 жылғы Hyundai Creta болды. 3 миллион 800 мың теңге тұратын. Оны "Гарантпен" әріптес жігіттер 2 миллион 900 мың теңгеге сатып алды. "Гаранттан" есепшот ашып, 3 айда сол соманы 30 пайызға өсіріп, яғни, 5 миллион 510 мың теңге қылып қайтарып беретінін айтты", - дейді ол.
"Дұрыс емес". Министр қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарға қатысты пікір білдірді
Ол алғашқы екі айда 900 мың теңгеден алғанын айтады. Ал 12 ақпанда қалған 3 миллион 735 мың теңгесі түскен. Бірақ ол бұл соманы қайтадан "Гарантқа" салып тастаған екен.
Ол көлігінен басқа да қаражатын "Гарантқа" бергенін айтады. Мысалы, былтыр қарашада үй алуға жинап жатқан 1 миллион 700 мың теңгесін, желтоқсанда қосымша тағы 700 мың теңгесін "Гарант 24 ломбардқа" апарып берген. Көлігінің негізгі сомасымен есептегенде ол 5,3 миллион теңгесінен айырылды.
"Келісім бойынша, ақпанда 2 миллион 210 мың теңге, ал наурызда 6 миллион 929 мың теңге алуым керек болған. Бәрін қосқанда 9 миллион теңгеден аса ақша алуым керек еді", - дейді алданған тұрғын.
Еске салайық, бұған дейін Атырау, Павлодар, Ақтау, ШҚО, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталған. "Алаяқтық" және "қаржы пирамидаларын құру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Дұрыс емес". Министр қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарға қатысты пікір білдірді
Показать комментарии
Читайте также