ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мая 2021 | 12:34
"Қолға тиетіні одан да аз". Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды
Депутат қазақстандық дәрігерлерге мұғалімдерге жасалғандай жағдай жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Нариман Төреғалиев Сенат отырысында мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Депутат қазақстандық дәрігерлерге мұғалімдерге жасалғандай жағдай жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Нариман Төреғалиев Сенат отырысында мәлімдеді.
Төреғалиевтің айтуынша, Қазақстаннан шетелге көшіп жатқан дәрігерлер қатары жыл санап өсіп барады.
"Бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 262 мыңға жуық медицина қызметкері еңбек етеді. Мемлекет тарапынан оларды қолдау мақсатында біраз жұмыс атқарылуына қарамастан, медицина мамандарының өткір тапшылығы азаймай тұр. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, шамамен 4500 медицина кадры жетіспейді. Сонымен қатар, кадр жетіспеушілігіне көші-қон мәселесі де теріс әсерін тигізуде. Мысалы, кейінгі үш жылда 3 500-ге жуық медицина маманы басқа мемлекеттерге қоныс аударған", - деді депутат.
Нариман Төреғалиев медицина еліміз үшін стратегиялық маңызды салалардың бірі болғандықтан, пандемиядан пандемияға дейін емес, жүйелі түрде дамуы керек екенін есте сақтауды өтінді.
"Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" Заңды қабылдап, біз қысқа мерзім ішінде білім беру саласындағы күрделі жағдайды түбегейлі өзгерте бастадық. Заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы жылы педагогикалық мамандықтарға түскен "Алтын белгі" иегерлерінің саны 1,7 есе өскенін айтудың өзі жеткілікті. Талапкерлер ағыны едәуір артуы педагог мамандықтары бойынша оқуға түсуге шекті балды 60-тан 70-ке дейін көтеруге мәжбүр етті, ал биыл оны 75-ке дейін жеткізу жоспарлануда. Болашақ педагогтердің стипендиясы 100 пайызға, ал докторанттардың стипендиясы 75 пайызға ұлғайтылды. Көріп отырғанымыздай, мемлекет қабылдаған кешенді шаралар талантты жастардың мәртебелі ұстаз мамандығын таңдауға оң әсерін тигізіп келеді. Егер біз медицина қызметкерлеріне қатысты осындай шараларды қабылдайтын болсақ, қысқа мерзімде медицина саласындағы жағдайды өзгертуге болады деп ойлаймыз", - деді Төреғалиев.
Сонымен қатар, депутат дәрігерлердің мәртебесін көтеру мақсатында медицинаның үздік өкілдеріне "Қазақстанның құрметті дәрігері" атағын беруді ұсынды.
"Осы маңызды саланың дәрігерден бастап санитарға дейінгі қызметкерлерін, ұзақ мерзімді қолдау шараларын қабылдауға әбден уақыт келді. Соңғы екі жылда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысының өскенін білеміз. Алайда, Үкіметтің қаулысына сәйкес төленетін еліміздегі мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы төмен деңгейде қалуда. Мысалы, өтемақысын қосқандағы жалақы мөлшері: еңбек өтілі 25 жылдан жоғары іс қағаздарын жүргізуші – 64 мың, төртінші разрядтағы көлік жүргізушісі – 60 мың, бірінші разрядтағы еден жуушы 54 мың теңге көлемінде айлық алады, ал қолға тиетіні одан да аз", - деді депутат.
Осылайша, депутат осы санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мақсатында құзыретті министрлік алдағы уақытта жұмыс атқарады деген сенім білдірді.
Показать комментарии
Читайте также