РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июня 2021 | 17:27

"Қолда бардың қадірі жоқ" - Цой мен Тоғжанов шетелдік вакцинаны күтетіндерге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстанда 727 адам екінші рет коронавирус жұқтырған. Сондықтан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды вакцина салдыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 727 адам екінші рет коронавирус жұқтырған. Сондықтан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды вакцина салдыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанның әр жетінші азаматы вакцина салдырған.

"Бұл үлкен жетістік. Басқа вакцинаны күтудің керегі жоқ. Қазақстанға әкелінген әр вакцина қауіпсіз, тиімді және тексерілген. Бүгінде 2,9 миллионға жуық адам осы вакциналарды салдырды. Тиімділігі жақсы және көмектесіп жатқанын көріп отырмыз. Халыққа айтар тағы бір дәйегіміз - 727 адам екінші рет вирус жұқтырды. Ауырып шықтым, енді жұқтырмаймын деп ойлайтындар қателеседі. Қазақстанда екінші рет жұқтыру жағдайлары бар. Көп адам қатты ауырып, өкінішке қарай, қайтыс болып та жатыр. Өзіңді және отбасыңды қорғау үшін вакцина салдыру керек", - деді Цой. 

Оның сөзінше, бүгінде күн сайын 100 мың адамдай вакцина салдырады. Қазір әр өңір өз бетінше түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады.  

"Вакцинация біз қалаған қарқында болып жатпаған шығар, бірақ халық келіп жатыр. Күн сайын 90-100 мың адам вакцинаның бірінші не екінші дозасын салдырады. Халық вакцина салдыруға келеді, басында уайымдайтын шығар, бірақ оның жанама әсері болмағанын көріп, туыстарын да вакцинация орындарына алып келеді. Әрине, қазір ынталандыру шаралары жүріп, ұтысойындар ұйымдастырылып жатыр. Барлық тәсіл дұрыс, пандемиядан құтылудың басқа жолы жоқ екенін түсіндіріп жатырмыз. Ешкім оқшауда отырғысы келмейді", - деді денсаулық сақтау министрі. 

Ал вице-премьер Тоғжанов халыққа тегін беріліп жатқан вакцинаны пайдалануға шақырды. 

"Қолда бардың қадірі жоқ" дейді. Көптеген ел вакцинаға қол жеткізе алмай жатыр. ДДСҰ халқының 2 пайызы ғана вакцинамен қамтылған елдердегі қиын жағдайды айтып отыр. Елде Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, нақты шаралар қабылданып, әкелінген вакциналар тегін беріліп жатыр, қолдағы бар дүниені алуды елге айтып жеткізуіміз керек. Жайдан-жай келіп жатқан жоқ, қаншама келіссөз жүргізілді. Кей жерде мұны саясатқа айналдырып жатқандар да бар. Мұның бәрі оңай дүние емес. Бір вакцинаны шығару үшін 262 реагент керек. Соны жасап, елге әкелді, Қазақстанның өзінде 2,4 миллион доза бар, неге қазір вакцина салдырмаймыз? "Тағы кім әкеледі, тағы не әкеледі?" деген әңгімені қою керек. Бар дүниені пайдалану қажет, бұдан басқа жол жоқ. Төрт вакцинаның өзі елімізде денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік болады деп ойлаймын", - деді Тоғжанов. 

Айта кетейік, Қазақстанда төрт вакцина бар: қазақстандық QazVac, ресейлік "Спутник V", қытайлық Hayat-Vax пен CoronaVac. 

2021 жылғы 23 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 2 857 255 адам вакцина салдырды, II компонентпен - 1 753 969 адам.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети