ПОДЕЛИТЬСЯ
19 июля 2019 | 20:00
Қоластындағыларды сыбап тастаған генерал даулы видео жайлы не деді - Басты жаңалықтар
19 шілдеде Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Желіде қарамағындағыларға былапыт сөз айтқан Махамбет Абисатовты қызметінен босатты. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілдеде Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы тағайындалды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Желіде қарамағындағыларға былапыт сөз айтқан Махамбет Абисатовты қызметінен босатты. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.
Тоқаев қарамағындағыларды сыбаған генералды қызметінен босатты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысының орынбасары Махамбет Абисатовты қызметінен босатты.
Абисатов қазақстандықтарға даулы видеосымен танымал. Желіде генералдың қарамағындағы адамдарға былапыт сөйлеп, кемсіткені жазылған аудиожазба тараған еді.
Енді оның орнына Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің жаңа орынбасары қызметін атқарады.
Кейінірек әлеуметтік желілерде Абисатовтың мәлімдемесі жарияланды.
"YouTube-те таралып жатқан аудиороликтерге қатысты айтар болсам, бұл шын мәнінде болған, бірақ үлкен жиналыста емес, 2017 жылдың қарашасында кішігірім жиында үш-төрт адамға арналған жеке әңгімелерде айтылған менің сөздерім. Аудиожазбаны заңсыз жасағандар, оларды монтаждап, әлеуметтік желілерге орналастырғандар жария түрдегі жиынға ұқсатып жіберді. Әр адамның кемшілігі бар. Әркімді де осылай масқаралауға болады", - деген Абисатов көпшілік алдында кешірім сұрады.
Президенттің Парламенттегі өкілдігін кім басқарады?
Бүгін Бейбіт Исабаев Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.
Айта кетейік, Исабаева бұған дейін Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған еді.
Ал бұл қызметке ол Қайрат Нұрпейісовтің орнына келіп отыр. Ол өз кезегінде басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Премьер-министр Арыстағы жөндеу жұмыстарын тексерді
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
© ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Қазір Арыс қаласында 1544 жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың 4683 үйлерінде жұмыстар жүргізілу үстінде.
Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және 1 көпқабатты үйде жүріп жатыр. 66 әлеуметтік нысанның 62-сінде қалпына келтіру жұмыстары, 4 нысанда жаңа құрылыс жүріп жатыр.
Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарына 207 компания, 7073 жұмыскер, 265 арнайы техника тартылған.
Теңгемен де, доллармен де...
Ұлттық парктың экс-бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің департаменті Сайрам-Өгем мемлекеттік орман және аңшылық шаруашылығы ұлттық паркінің бұрынғы бас директорынан алаяқтық фактісін анықтады", - деп хабар таратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарма.
Экс-директор өзінің қызметтік мансабын пайдаланып, орынбасарларынан басшылыққа ақша аударамын деген сылтаумен 460 мың теңге және 800 доллар ақшалай қаражат аударып алған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарманың ақпараты бойынша, күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Қызметкерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Ангела Меркель сырқатына қатысты не деді?
Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге берген сұхбатында денсаулығына алаңдап жүрген адамдарды түсінетінін жеткізді, бірақ бұл оның жеке мәселесі екенін айтты.
"Менің денсаулығыма қатысты сұрақтарды түсінемін, бірақ мен оған жауап беріп қойғанмын", - деді Меркель Берлиндегі баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, ол канцлер ретінде өз қызметін атқара алатындай жағдайда болуы керек екенін түсінеді.
"2021 жылы саяси жұмысымды аяқтаймын. Бірақ кейін өмірім жалғасады деп үміттенемін, оны аман-саулықта өткізгім келеді", - деді Меркель.
Соңғы уақытта Ангела Меркельдің денсаулығы сыр бере бастаған еді: Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу барысында канцлердің дірілдеп тұрғаны видеоға түсіп қалған. Кейін Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, фин үкіметінің басшысы Риннемен кездесуінде сырқаты тағы қайталанған. Бірақ артынша Меркель денсаулығы жақсы екенін айтқан еді.
German Chancellor Angela Merkel says she is "very well" again after drinking three glasses of water.
— DW Politics (@dw_politics) June 18, 2019
Earlier Merkel was visibly shaking as she greeted Ukrainian President Volodymyr Zelenskiy at temperatures of around 30 degrees celsius in Berlin. pic.twitter.com/uWhnW0scD7
Қазақстан еурокубок маусымының рейтингінде ТОП-10 тізіміне енді
Қазақстан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін УЕФА-ның осы маусымындағы коэффициенттер рейтингінде жоғарылады.
Естеріңізге салсақ, "Астана" Чемпиондар лигасында "ЧФР Клуж" командасынан сырт алаңда 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал "Тобыл" өз алаңында люксембургтік "Женесспен" (1:1) тең тарқасқан, "Қайрат" пен "Ордабасы" болса, тиісінше, босниялық "Широки Бриег" (2:1) пен грузиялық "Торпедоны" (2:0) жеңген болатын.
Осы матчтардан кейін Қазақстан осы маусымағы коэффициенттер рейтингінде 14-орыннан тоғызыншы сатыға жоғарылады - 1.500 ұпай.
Ал УЕФА коэффициенттері кестесінде Қазақстанның орны өзгерген жоқ - 25-орын.
Показать комментарии
Читайте также