РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 октября 2019 | 17:25

"Көк-Жайлау" жобасы 17 жыл бойы қалай талқыланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© k-zh.kz © k-zh.kz

Көк Жайлау - Алматыдан 10 шақырым жерде орналасқан Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағындағы көлемі 42 мың гектар болатын шатқал. Онда тау-шаңғы курортын салу жобасы осыдан 17 жыл бұрын ұсынылған болатын. Бұл жоба осы күнге дейін талай талқыға түсіп, халық наразылығы туып, түрлі пікірлер айтылған еді.


Көк Жайлау - Алматыдан 10 шақырым жерде орналасқан Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағындағы көлемі 42 мың гектар болатын шатқал. Онда тау-шаңғы курортын салу жобасы осыдан 17 жыл бұрын ұсынылған болатын. Бұл жоба осы күнге дейін талай талқыға түсіп, халық наразылығы туып, түрлі пікірлер айтылған еді.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында курорттың құрылысы проблема екенін айтып, осы жобаның нүктесін қойды. Осылайша, Тоқаев осы мәселеге енді оралмау үшін "Көк Жайлау" жобасына тыйым салды. "Көк Жайлау" шипайжайын салу идеясы қашан шықты, ұсынысты кім айтты, идея неге жүзеге аспады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Қазақстандағы туризмді дамытуға арналған курортты салу туралы ұсыныс 2002 жылы айтылды. Ал курорттың құрылысын бастау 2020 жыл болған, оны аяқтау мерзімі 2022 жыл деп белгіленген еді. Осыдан 2-3 жыл бұрын "Көк-Жайлау" туристік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеушілер құрылыстың құны 200 миллион доллардан асуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ал бастапқыда курорт тіпті 500 миллион долларға бағаланды.

"Заилийский Алатау" жобасы.

Кейін 2011 жылы сол кездегі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Алматы қаласының әкімшілігі Ахметжан Есімов басшылығымен "Көк Жайлау" аумағында әлемдік деңгейдегі тау-шаңғы кешенін салу жөнінде шешім қабылдады. Айта кетейік, кешен құрылысына қала бюджетінен қаржы бөлінді. Бірақ сол кезде алматылықтар құрылысқа қатысты наразылығын білдірген болатын, олардың айтуынша, жоба жекеменшік бизнеске айналып кетеді.

2008-2015 жылдары Алматы әкімі болған Ахметжан Есімов "Көк Жайлау" курортының құрылысы аяқталатынына сенім білдірген еді.

"Тау туризмінің инфрақұрылымын дамытып, "Көк-Жайлау" курортын салу қажет. Курорт мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасына енді, біз қазір курорт құрылысымен айналысып жатырмыз және оны салып бітіретінімізге еш күмән жоқ. Шымбұлаққа барыңыз, ол жерде біреу экологияға зиян келтіріп жатыр ма? Демалушы қалай Шымбұлақ экологиясына залал келтіреді? Кейбір адамдар осы мәселені саяси мәселеге айналдырмақшы. Кейбіреуі шетелден қаржы алып отыр. Бұның ешқайсына жол жоқ", - деген болатын Есімов. 

2015 жылы Алматының сол кездегі әкімі Бауыржан Байбек халық тарапынан айтылған сынның көбейгенін айтқан, алайда бұған жауап ретінде курорттың экологиялық жағынан таза жоба екенін мәлімдеген.

"Курорт - зиян" деген пікір айтылып жатыр. Тағы да айтамын, бұл химия зауыты емес. Францияда 200 тау шаңғысы курорты бар, бірақ ол экологиясы керемет үздік елдердің қатарына кіреді. Австрияда да курорттар бар, олардан қыруар ақша түсіп отыр. Тау туризмі жағажайға қарағанда жеті есе көп табыс әкелетіні дәлелденген", - деген еді Байбек.

2015 жылы құрылыстың тоқтауына да бірден-бір себеп осы болған екен. Cондай-ақ, билік оған экономикалық дағдарыс пен жұрттың наразылығы да себеп екенін айтқан еді.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сенсек, 2015 жылдың соңына дейін Алматы әкімдігі жобаға 8 миллиард тенге жұмсаған.


"Көк Жайлау" курорты. © Айнаш Өндіріс 

Қала басшысынан басқа бұл мәселеге қоғам белсенділері мен эколог мамандар белсене араласты. Олар Қазақстанда отандық туризмді дамытуға қарсы еместігін, бірақ ұлттық саябақ аумағында құрылыстың салынуына байланысты алаңдайтынын жеткізген еді.

Экологтардың айтуынша, Алматы тауларына қар жеткілікті түспейтіндіктен, жасанды қар түсіру жақсы идея емес және қысқы уақытта Алматы тауларында ауаның ластану деңгейі өте жоғары.  Оның адам денсаулығына да зияны көп дейді. 

Сондай-ақ, мамандар туристерге жасанды қардың аса ұнай қоймайтынын айтқан болатын.

2018 жылы өткен тыңдалымдардың бірінде ресейлік ғалым Александр Хорошев "Көк-Жайлаудағы" жасанды өзен мен курорттың 9 балдық сейсмикалық белсенді тектоникалық жарық аумағында орналасатынын және бұл құрылыстың салдары қала мен оның тұрғындарына қауіп төндіру мүмкін екенін мәлімдеген. 

Биыл маусымда Алматы әкімі қызметінен босатылған Бауыржан Байбек "Көк Жайлау" курортына қатысты бірнеше рет пікір білдірген болатын. Талқылаулардың бірінде экс-әкімі мұндай жобалардың салауатты өмір салтын дамытып, тұрғындардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыратынын мәлімдеді.

" (...) Ең бастысы, бұл жобаның қаланың өркендеуіне үлкен мультипликатив әсері бар. Барлық тарап ақылға қонымды шешім шығарып, популистік ұрандарға емес, нақты фактілерге сүйенуі маңызды. Қорытынды дұрыс, әрі мағыналы болуы керек. Бірақ тағы да қайталаймын, егер жұртшылық бізді қолдамаса, біз, әрине, жобадан бас тартамыз", - деген еді Бауыржан Байбек.

Кейін 2019 жылдың сәуірінде Байбек "Көк-Жайлау"құрылысын кейінге шегеруді ұсынды.

Айта кетейік, сол кезде бұл ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдаған болатын. "Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды", - деп жазған еді сол кезде Мемлекет басшысы. 

                                                                              © k-zh.kz 

Биыл тамызда мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады.

"Құрметті достар, қазақстандықтардың көпшілігін алаңдатқан Алматы маңындағы "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортын салу мәселесі басты назарда. (...) Мемлекет басшысы бұл мәселеде асығыстық танытпай, сарапшылардың талдауларын зерттеп, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет екенін атап көрсетті. Көп жағдайда мәдени, спорт немесе туристік нысандарды салу туралы шешімді жергілікті атқару органдары: әкімдік, мәслихат, қоғамдық кеңес қабылдайды", - деген еді министр Райымқұлова. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында "Көк-Жайлауда" тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты тағы да пікір білдірді.

"Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни "Көк-Жайлауда" тау-шаңғы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес", - деді Президент.

Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімдігінің өкілдері "Көк-Жайлауда" құрылыс биыл әзірше басталмайтынын айтқан еді. 

"Өсек-аяң болмауы үшін тікесінен айтайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шипажай құрылысын кейінге қалдыру туралы тапсырмасы бар. Әкімдік осы тапсырманы ұстанады. Басқа бірдеңе қарастырылмайды және талқыланбайды", - деген еді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Орынбасарға сөгіс, Көк-Жайлауға тыйым, әкімнің өтініші - Тоқаев Алматыда не мәселе көтерді?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети