26 декабря 2018 | 14:43

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қазан шегелеу

© e-history.kz

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Қазан шегелеу.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Қазан шегелеу.

Қазақ халқы ежелден-ақ қонақжайлығымен ерекшеленген. Тарихқа үңілсек, ұлттың бұл қасиеті көптеген ғасыр бойы қалыптасқан. Бұл халқымыздың кеңпейілдігін, адамгершілігін және адамдардың бір-бірімен өзара сыйластығын көрсетеді. Қазақта қонақ күтуге қатысты көне дәстүрлердің бірі қазан шегелеу деп аталады екен. Яғни бір-бірінің үйіне барғанда "осы үйдің қазанын шегелей келдік" деген. Осылайша, қонақжай халық бір-бірін күтіп, келген қонаққа дастарқан жайған.

Реклама
Реклама

Осы дәстүр жайлы Tengrinews.kz тілшісіне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Археология және этнология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Ибадуллаева Зылиха Өмірбекқызы айтып берді.

Зылиха Өмірбекқызының айтуынша, қазан шегелеу - қазақ халқындағы этномәдени болмысымызды білдіретін дәстүрлердің бірі.

"Қазан шегелеу дәстүрі - құрбы-құрдастар, тамырлар, абысын-ажын арасында өтетін салт-дәстүрдің бірі. Бұл бір жағынан қазақ қоғамындағы қонақжайлықты білдіретін ұғым. Себебі қазан шегелеу дәстүрінде, яғни құдайы қонақ болып келген кісіге ас, тағам беріп, сый-сыяпатпен шығарып салу дәстүрі жатыр", - дейді тарихшы.


© qazaly.kz

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бұл дәстүр дәмнен ауыз тию, қалау, ерулік беру, айрылысар көже сияқты дәстүрлерге ұқсас болғанымен, мұнда, салт бойынша үй иесі қонақ кіргенде бірден қазанын көтеріп, асүйге кеткен.

Этнолог та бұл дәстүрде бастысы қазан көтеріп, қонақтарға дастарқан жайып, оларды қарсы алу екенін айтады.

"Әдетте үйге келген абысын-ажын болсын немесе әзілі жарасқан құрбы-құрдастар бір-бірінің үйіне келгенде қазан шегелей келдім десе, үй иесі қазан көтеріп, тағам дайындап, келген адамды күтіп, шығарып салатын болған", - дейді Өмірбекқызы.

Осыдан халқымыздың қонақты қарсы алып, шығарып салуға үлкен мән бергенін байқауға болады. Мұны қазақ қонақпен еріп келген құт-береке үйге бірге кірсін деп түсінген. 


© elana.kz

Оқи отырыңыз:

Ұмытылған дәстүрлер: Қазақ баланы қырқынан қалай шығарған

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қынаменде

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Төркіндеу

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Өңір салу

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Ашамайға мінгізу


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram