РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 октября 2018 | 21:30

Қазақтың ақын қызы қатерлі дерттен қалай жазылғаны туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жадыра Байбұланова. Жадыра Байбұланова.

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ақын қыз қатерлі дертті қалай қайтарды?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ақын қыз қатерлі дертті қалай қайтарды?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатерлі дертті жеңген қазақтың ақын қызы Жадыра Байбұланова бағдарламаға келді. Ол өз бойында қатерлі ісіктің болғанын білмей де қалған. Жүргізуші куәлігін алмақшы болып, тексерістен өтер кезде денсаулығынан бірнеше кінәрат шығады. Алайда оған мән бермеген Жадыра біраз уақыттан кейін тыныс алу жолынан қандай да бір ауыртпашылықты байқайды. 

Тексеріс барысында дәрігерлер оған қатерлі ісіктің бар екенін жеке өзіне айтпай, операция жасайды. Ол бұл дертке шалдыққаны жайлы тек бірінші операциядан кейін ғана білген. 

 

Жадыраның айтуынша, адам бұл жайлы білген соң психологиялық тұрғыдан өз ауруын асқындырып алады. Ауруды жеңу мен оның алдын алудың жолы тек қана өмірге деген сенім мен сананы артық ойдан аластату, дейді ол.  

"Қатерлі ісік дегенде адамдар бірден өлімді ойлады, беріледі. Адамның ішкі ерік-жігері өліп қалғаннан кейін дертпен күресе алмай қалады", - дейді Жадыра Байбұланова.

Бағдарлама студиясына қонақ болып келген психолог маман қатерлі ісікке шалдыққан адамдар дерті туралы естігенде не істеуі керегін айтты. Психолог Жанар Смаилованың айтуынша, дерттен айығу үшін психологиялық ахуалдың дұрыс болуы маңызды.

  

Сондай-ақ, "Атырау аруы-2015" байқауының жеңімпазы Гаухар Қасаева да қатерлі ісік ауруына шалдығып, оның ем алуына көмек көрсетуді әлеуметтік желі арқылы сұраған. Бағдарлама барысында Гаухармен скайп арқылы байланысқа шығып, оның қазіргі таңдағы жағдайы туралы сұралды. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети