15 мая 2020 | 14:47

Қазақстанның қай қалаларында карантин ұзарды?

© Reuters

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен, қалаларда карантин ренжимі әлі сақтаулы. Кей аймақ карантинді эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартқан, бірақ нақты мерзімі хабарланбады. Ал кей өңірде карантин ұзартылған мерзім айтылды. Tengrinews.kz тілшісі карантин режимін ұзартқан аймақтар туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен, қалаларда карантин ренжимі әлі сақтаулы. Кей аймақ карантинді эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін ұзартқан, бірақ нақты мерзімі хабарланбады. Ал кей өңірде карантин ұзартылған мерзім айтылды. Tengrinews.kz тілшісі карантин режимін ұзартқан аймақтар туралы баяндайды.

Маңғыстау облысы карантинді ұзартқан алғашқы өңір болды

Реклама
Реклама

Елімізде карантин режимін мамырдың соңына дейін ұзартқан алғашқы аймақ Маңғыстау облысы болды. Аймақта карантин 25 мамырға дейін ұзартылды.

Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Садымановтың Жаңа қаулысына сәйкес карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылдың 25 мамырында сағат 07:00-ге дейін ұзартылады.

Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автомашиналарды (азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын жүк және жеңіл автомашиналар, дәрі-дәрмек құралдары, сондай-ақ ТЖ режимінде іске қосылған мамандандырылған және қызметтік машиналар) қоспағанда, облыстың қалалары, аудандары арасындағы қозғалысқа тыйым салынады.


Фото: aktau-mangistau.kz

Жұмысқа шығу міндетті түрде масканы киюмен 1,5-2 метр қашықтықты сақтай отырып - таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешке сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда) рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, қаулы аймақта ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық іс-шараларын өткізуге, сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, фитнес-клубтардың және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің, діни объектілердің қызметіне тыйым салынады.

Атырауда серуендеуге тыйым салынған

Атырау облысында да карантин режимі 25 мамыр 7:00-ге дейін ұзартылды. Сол мерзімге дейін өңірдегі блокбекеттер жұмысын жалғастырады.

"Атырау қаласындағы тұрғындар арасында COVID-19 жұқтыру өсімінің деңгейі 7 күн ішінде 7 пайыздан көп болуын ескере отырып, Атырау облысында шектеу шаралары және Атырау қаласында карантин режимі 2020 жылдың 25 мамырында сағат 07: 00-ге дейін ұзартылды", - делінген өңірдің бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысында.

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, Атырауға кіріп-шығуға тыйым жалғасады.


Фото ©Тұрар Қазанғапов

Сонымен қатар, аймақта кей ұйым мен кәсіпорын жұмысын бастайды. Жұмысшылардың 7:00-10:00 және 17:00-20:00 арасында жеке көлігімен жүруіне болады. Осы уақыттарда қоғамдық көлік пен таксилер де жұмыс істейді.

Тұрғындардың көшеде серуендеуіне әлі тыйым салынған. Тек жұмысқа барып-келуіне, азық-түлік, дәрі-дәрмек алу, медициналық көмек алу үшін шығуға рұқсат берілген.

Шымкентте саябақта серуендеуге болады

Шымкентте карантин режимі 25 мамыр 19:00-ге дейін ұзартылған. Қала ішіндегі барлық блокбекет алынып тасталды. Ал Шымкенттің айналасындағы 18 блокбекет жұмысын жалғастырады.

Енді қала ішінде жеке көлікпен жүруге болады. Автобустар да таңғы жетіден кешкі тоғызға дейін жүре бастайды. Саябақ немесе алаңда серуендеуге рұқсат берілген, бірақ зообақтар әлі жабық.

"Карантин және шектеу шаралары 2020 жылдың 11 мамырынан 25 мамыр кешкі жетіге дейін ұзартылды. Барлық спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараға, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен діни орындардың жұмысына тыйым салынады. Сауда және қызмет көрсету саласындағы барлық объектінің кестесі - сағат 10-нан 18:00-ге дейін", - дейді Шымкент әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Сонымен қатар, өңірде спорт мектептері жұмысқа қосылады. Бірақ жаттығу тобы 15 адамнан аспауы керек.  

БҚО карантиннен 3 кезең бойынша шығады

Батыс Қазақстан облысында да карантин 25 мамырға дейін ұзартылды. Өңірде карантиндік шектеулер 3 кезең арқылы жеңілдетіледі. 12 мамырдан бастап аудандар арасындағы барлық блокбекет алынды. Тек Орал, Ақсай және Борлы ауданында блокбекеттер сақталған.

Сол күні азық-түлік сататын 12 базар жұмысын бастады, олар 9:00-16:00 арасында жұмыс істеп жатыр. ХҚКО бөлімдері мен бизнес орталықтардың да есігі ашылды.

Егер өңірде вирус жұқтырғандардың өсім деңгейі 5 пайыздан аспаса, 18 мамырда мектепке дейінгі мекемелер, аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын, азық-түліктен басқа да заттар сататын дүкендер мен базарлар ашылады деп жоспарланған.

Ал аймақта COVID-19 жұқтырғандардың өсім деңгейі 2 пайызға жетпесе, өңірде фитнес-орталықтар, қоғамдық моншалар, сауналар, спа-салондар, қонақүйлер, мейрамханалар мен кафелер ашылады.

Түркістан облысында киім-кешек сататын дүкендер ашылды

Түркістан облысында да 25 мамырға дейін карантин режимі сақталады. Елді мекендер арасындағы блокбекеттер жұмысын жалғастырады. Бірақ қоғамдық орындар, саябақтар ашылады.

Өңірде спорт және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмайды. Азық-түлік сататын базарлар 10:00-17:00 арасында ашық. Ал киім-кешек және басқа да заттар сататын дүкендер дезинфекциялық жағдайда 10:00-ден 200:00-ге дейін жұмыс істеп жатыр.


Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

"Балабақшаларда кезекші топтар жұмысын бастайды. Мұнда тек ауруханадан анықтама алған тәрбиешілер жұмыс істеуі керек. Балалардың да денсаулығына қатысты анықтама қажет", - деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Сұлулық салондарында, тігін, аяқ киім жөндеу шеберханаларында, шаштараздарда, стоматологиялық емханаларда, шағын бизнес нысандарында адамдардың жаппай жиналуына рұқсат берілмейді. Бұл нысандарға алдын ала жазылу бойынша баруға болады.

Үйден шығып, серуендеуге тек маска тағып, қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі. Бірақ үйде туған күн және басқа да мерекелік шаралар өткізуге тыйым салынған. Көшеде және қоғамдық орындарда үш адамнан көп жиналуға болмайды. Ал 65 жастан асқан адамдарға үйлен шығуға рұқсат берілмеген.

ШҚО карантинді жазда алады

Шығыс Қазақстан облысында карантин мерзімі 1 маусымға дейін ұзартылды. Бұл өңірде блокбекеттер сақтаулы.

ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, демалыс және мереке күндері тұрғындарға жеке көлігін пайдалануға тыйым салынған. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерде жолаушылардың тұруына болмайды. Міндетті түрде отыру қажет.


Фото: yk-news.kz

12 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден аспайтын дүкендер жұмысқа қосылды. Гүл сататын дүкендер де ашылды. Шаштараз, сұлулық салонына алдын ала жазылып баруға болады.

Ал 18 мамырдан бастап жұмысқа қосылатын нысандар саны артпақ. Мысалы, автосалондар, құрылыс материалын сататын дүкендер, ломбардтар, химиялық тазалау, төбесі ашық спорт нысандары жұмыс істеуі мүмкін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram