Қазақстанның үш аймағында әуе рейстеріне тыйым салынған. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның үш аймағында әуе рейстеріне тыйым салынған. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші кезеңде ел ішіндегі әуе рейстерінің жұмысын бастау. Қазіргі уақытта еліміздің барлық аймағында әуе қатынасы ашылды. Тек үш қалада әлі жабық, бұлар - Атырау, Орал және Шымкент. Қалалар арасындағы теміржол мен көлік қозғалысы қарастырылмаған", - деді бас санитар дәрігер.
Оның айтуынша, аймақтар арасындағы блокбекеттер жұмысын жалғастырады.
Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасының жанданғанын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Кейін мегаполистер арасында тәулігіне төрт рейс болатыны хабарланды.
Ал 1 мамырда Алматыдан Нұр-Сұлтанға алғашқы жолаушылар ұшып барғаны хабарланған. Артынша Қазақстанның басқа қалаларына да әуе рейстері ашыла бастады.