ПОДЕЛИТЬСЯ
06 октября 2021 | 16:55
Қазақстанға Pfizer-дің 4 миллион дозасы жеткізіледі - Цой
Қазақстанға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
"Pfizer бойынша қорытынды келісімшарт жасалды. Ол белгілі бір процедура. Бірнеше құжат бар. Шамамен 4 миллион доза келеді деп жоспарланып отыр. Вакцина алдағы таңда төртінші тоқсанда келеді деп ойлаймын. Әр өңірде тоңазытқышпен жабдықталып жатыр. Ол қажет режимге - минус 80 градусқа сай болады. Барлық жағдай жасалады. Барлық егу пункті дайын. Жалпы сақтау шарты барлық вакцинадағыдай. Айырмашылық тек температура мен сақтау режимінде", - дейді министр ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина - Pfizer.
Показать комментарии
Читайте также