РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 июля 2020 | 11:46

Қазақстанға көмек: шетелден 98 тыныс алдыру аппараты келген

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев коронавирус пандемиясы кезінде елімізге шетелден 98 жасанды таныс алдыру аппараты жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев коронавирус пандемиясы кезінде елімізге шетелден 98 жасанды таныс алдыру аппараты жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жасанды таныс алдыру аппараттарының басым бөлігі жақында жеткізілді. Соңғы 2 аптаның ішінде Түркиядан 30 аппарат, Біріккен Араб әмірліктерінен 25 аппарат, грузиялық компаниядан 10 аппарат алдық. Оған дейін Джек Ма қоры да елімізге жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізді. Олардан біз 30 аппарат алдық. Жалпы елімізге 98 жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, 3-4 күннің ішінде Қазақстанға жеткізілген аппараттарды қоспағанда тиісті медициналық құралдар ауруханалар жеткізіліп, іске қосылған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 63 514-ке жетті. 38 008 науқас дертінен айықты, 396 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети