РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 ноября 2021 | 13:02

Қазақстанға жеткізілген Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайтыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алматыға жеткізілген Pfizer вакцинасы балалар, жүкті әйелдер мен бала босанған әйелдерге арналған. Басқа топтарға салынбайды. Бұл туралы қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыға жеткізілген Pfizer вакцинасы балалар, жүкті әйелдер мен бала босанған әйелдерге арналған. Басқа топтарға салынбайды. Бұл туралы қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әсел Қалықованың айтуынша, әзірше басқа топтағы азаматтарда Pfizer вакцинасын салдыру мүмкіндігі жоқ. 

"Бүгінде Pfizer вакцинасы үш санатқа жататын адамдарға: 12 жас пен 17 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанынан 42 күн өткен әйелдерге арналған. Басқа топтағы адамдарға бұл вакцина әзірге қарастырылмаған", - дейді Әсел Қалықова ӨКҚ брифингінде. 

Сонымен қатар, вакцинацияның негізгі екі дозасынан кейін ревакцинация кезінде Pfizer салдыруға болады.

"Егер бірінші, екінші дозаға мысалы Спутник-V салдырған адам ол векторлы вакцина болғандықтан, ревакцинация кезінде Алматыда қолжетімді кез келген инактивтелген екпені салдыра алады. Сонымен қатар, керісінше, егер егер бірінші инактивтелген вакцина салдырса, ревакцинацияда векторлы екпені салдыруға болады", - деді Қалықова. 

Еске салайық, кеше, 10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын. Оның ішінде, Алматыға екпенің 46 800 дозасы жеткізілді. Вакцина партиялары бірнеше күн бойы жеткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети