Қазақстандықтарға мерекемен қашықтан құттықтап, адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, алдағы ұзақ демалыс күндерін ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық шараларды сақтауға шақырамын:
- Халық көп жиналатын орындарға бармау;
- Ұжымдық іс-шаралар өткізбеу және шараларға бармау;
- Ағзаға суық тиюге жол бермеу;
- Маска тағу, әлеуметтік қашықтық режимін сақтау;
Құттықтау үшін қашықтан байланысу құралдарын пайдалану керек", - деді Роза Қожапова ОКҚ онлайн-брифингте.
Айта кетейік, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында демалады. Ал 20 желтоқсанда 18 желтоқсандағы жұмыс күнінің орнына жұмысқа шығады.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 142 986-ға жетті. Сондай-ақ 127096 науқас жазылды, 2088 адам қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!