РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 апреля 2020 | 12:11

Қазақстандықтар ауызашарды қалай өткізуі керек? Имам жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде карантин енгізілген аймақтарда қазақстандықтар Рамазан айындағы ауызашарды өз үйінде жасап, ешкімді шақырмауы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елімізде карантин енгізілген аймақтарда қазақстандықтар Рамазан айындағы ауызашарды өз үйінде жасап, ешкімді шақырмауы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" республикалық мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Facebook парақшасында өткен онлайн-брифинге айтты.

"Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, Нұр-Сұлтан қаласында және карантин енгізілген аймақтарда мешіттерді жаптық. Ешкім мешітке келе алмайтын болды. Себебі адамдар бір қатарға тұрғанда, өзара байланыс болады. Сондықтан карантин кезінде профилактикалық шараларды сақтау үшін мешітке келуге тыйым салдық", - деді ол.

Спикердің айтуынша, Рамазан айындағы ауызашарды әркім өз үйінде жасау керек.

"Жақында қасиетті Рамазан айы басталады. Оған байланысты жақында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы не істеу керегін түсіндірді. Сондай-ақ Рамазан кезінде ауызашар болады. Біз оларды да тоқтаттық. Яғни, әркім  өз үйінде отырып, ауызашар жасау керек. Ешкімді шақырмау керек. Екінші жағдай, Рамазан кезіндегі тарауих намазы оқылу керек. Бірақ карантинге байланысты мешіт жабық, тарауих намазын оқуға ешкім келмейді. Егер карантин алынса, онда біз тағы қарастырамыз. Егер өзгеріс болып жатса, алдын ала хабар береміз", - деді мешіт ұстазы.

Еске салайық, биыл қазақстандықтар үшін Рамазан айы 24 сәуірде басталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети