04 ноября 2019 | 11:39

Қазақстандық жастардың басты 3 проблемасы аталды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық жастардың басты 3 проблемасы - жұмыссыздық, баспана және суицид. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылында атқарылған шаралар туралы айтылған Үкімет отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жастардың басты 3 проблемасы - жұмыссыздық, баспана және суицид. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылында атқарылған шаралар туралы айтылған Үкімет отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бірінші кезекте жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендетіп, онымен күресу керектігін айтады.

Реклама
Реклама

"Басты проблемалардың бірі - жұмыссыздық. 2019 жылдың II тоқсанында Қазақстанда жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,7 пайыз болды. Жұмыспен қамтылған жастар арасында бұл 2 миллионнан аса адам деген сөз. Олардың 77 пайызы - жалдамалы қызметкерлер: 388 000 қазақстандық - сауда саласында, 253 000 адам ауыл шаруашылығында, 239 000 қазақстандық білім саласында, 218 000 адам өнеркәсіп саласында. Ал қалғандары өзін-өзі қамтығандар. Бұл аса жақсы көрсеткіш емес. Сондықтан бұл проблемаларды шешу үшін "Жас кәсіпкер" мен "Жас маман" бағдарламаларынан бөлек, басқа да қолжетімді бағдарламалар жүзеге асырылады", - дейді Абаев.

Қазақстандық жастардың екінші проблемасы деп министр баспана мәселесін атады.

"Қазіргі уақытта баспананы қолжетімді ету мақсатында көптеген жоба бар. Ендігі жылы жастарға 9 мың пәтер береміз деп отырмыз. Бірақ мұны жастар баспаналы болу үшін міндетті түрде Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкент қалаларына көшуі керек деген сөз емес, бұл пәтерлерді алу шарттарының бірі - жастар соңғы екі жыл сол қалада тұрақты тұруы тиіс.

Жастарға арналған жалға берілетін пәтерлерді 2022 жылдан бастап басқа қалаларда да салу мәселесі қарастырылатынын айтамыз. Әрине, сіздер қолдасаңыздар", - деді Абаев Үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, ол жастар арасында суицидтің азаймай жатқанын айтып өтті. Министрдің айтуынша, былтырдың өзінде уәкілетті өкілдер жастар арасында 27 суицидтің алдын алған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram