ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мая 2020 | 16:25
Қазақстандық дәрігерлер Қытайда тәжірибесін шыңдауы мүмкін
Отандық дәрігерлер тәжірибесін шыңдауы үшін Бейжің қаласына баруы мүмкін. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Отандық дәрігерлер тәжірибесін шыңдауы үшін Бейжің қаласына баруы мүмкін. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі мен Қытайдың Қазақстандағы елшісі арасында тәжірибе алмасу мәселесі талқыға салыныпты.
"Министр (денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - автор) мен Қытайдың Қазақстандағы елшісі (ҚХР елшісі Чжан Сяо - автор) арасында қазақстандық мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында оларды Қытай Халық Республикасына жіберу мәселесі көтерілді. Қазіргі таңда біз бағдарламаны дайындап, кімдер баратынын анықтап жатырмыз", - деді ол министрліктің Facebook желісінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда Сержан Айдосов ақша мәселесіне тоқталды.
"Қаржыны Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бөледі. Сондай-ақ, ақшаны әр маманның жұмыс орны төлейді деп ойлаймыз. Бірақ мұнда сыртқы істер министрлігінің де көмегі болады. Олар бізді қолдап отыр", - деді директордың орынбасары.
Алайда маман қазақстандық дәрігерлер Қытайға нақты қашан баратынын айтқан жоқ. Тек олар Бейжің қаласына баратынын атап өтті.
"Бейжің қаласына бару жоспарда бар. Бірақ жоспарға қатысты нақты мәлімет жоқ. Ол 2-3 аптаның ішінде шығуы мүмкін", - деп түйіндеді сөзін.
Еске салайық, осыған дейін Қытайдан дәрігерлер ұшып келгенін, олар отандық мамандармен тәжірибе алмасқанын хабарланған еді.
Сондай-ақ, қытайлық мамандар медицина қызметкері арасында коронавирус жұқтыру дерегін қалай азайтуға болатынын айтқан.
Показать комментарии
Читайте также