РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 августа 2020 | 13:35

Қазақстандық ата-аналар баласын ресейлік онлайн-мектептерге беріп жатыр - сарапшы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда мыңнан аса бала ресейлік онлайн-мектептерде білім алады. Қазақстан бойынша одан да көп. Бұл туралы журналист, коуч Ольга Аринбасарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда мыңнан аса бала ресейлік онлайн-мектептерде білім алады. Қазақстан бойынша одан да көп. Бұл туралы журналист, коуч Ольга Аринбасарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kazakhstan Press Club орталығында өткен брифингте журналист Ольга Аринбасарова ресейлік платформаларда білім алып жатқан ата-аналарға жергілікті қамқоршылық органы тарапынан "кедергі" келтірмей, білім алуына таңдау беру керегін айтты.

"Балаларға қайда және қалай білім алу таңдауын беру мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып келеді. Мысалы, мен өз баламның қайда оқитынын өзім таңдағым келеді. Балалары ресейлік платформада білім алатын балалардың ата-аналары, өткен жылы күзде әлеуметтік желіде мәселе көтерді. Олардың үйіне қамқоршылық органдарынан мамандар келіп тескерген. Олар баланың үйіндегі жағдай қалай деп тексерген. Бірақ ресейлік платформаларда білім алу тегін емес. Орташа айына 100-300 доллардан бастап ақы төлейді. Егер ата-ана баласы үшін айына осынша ақша төлей алса, онда ол үйде тұру жағдайы жақсы болады дегені емес пе? Ата-аналар балалары үшін тек жақсыны іздейтіні түсінікті. Мұндай кезде олардың тұратын жағдайын тексеріп, стресс жасаудың керегі жоқ", - деді ол.

"Маска тақпайды, асханаға бармайды". Әлем елдерінде сабақ қалай өтеді?

Сондай-ақ, ол Алматының өзінде мыңнан аса бала Ресейдегі онлайн платформаларда біліп алып жатқанын айтты.

"Алматының өзінде мыңнан аса бала оқиды. Ал Қазақстан бойынша одан да көп, есептеу қиын", - деп қосты журналист.

Ал, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Нұр-Сұлтанда көптеген ата-ана оқудың отбасылық формасы болғаны қалайтынын атап өтті.

"Қоғам белсендісі Вера Сыздықованың айтуынша, баласын осындай платформада оқытқысы келетін 600-ден аса ата-ана кезекте тұр. Олар Қазақстанда да осындай платформа болғанын және баласының Қазақстан тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті деген пәндерді оқығанын қалайды. Алайда Білім және ғылым министрлігі әзірше мұндай мүмкіндік ұсынбай отыр", - деді депутат.

Айта кетейік, биыл Қазақстандағы орта мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Тек бастауыш сыныптар үшін кезекші топтар ашылады. Оған 15 баладан артық бала қабылданбайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети