РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 января 2022 | 12:47

Қазақстандағы бүліктер: бүгінге дейін не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы бүліктерге байланысты бүгінге дейін белгілі жаңалықтарға шолу жасады.  


Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы бүліктерге байланысты бүгінге дейін белгілі жаңалықтарға шолу жасады.  

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Ол мемлекетке сатқындық жасау бойынша уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Мәсімов және тағы басқа бірнеше адам ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі бойынша ұсталды. Бүгінде соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жариялауға жатпайды. Айта кетейік, Мәсімов 6 қаңтарда ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Нұр-Сұлтандағы жағдай тұрақталған. Айта кетейік, астанада қоғадық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдап жатыр. Мұндай ақпарат Aqparat бірыңғай байланыс номеры арқылы тараған болатын. Qazaqstan ұлттық арнасының мәліметінше, қаладағы ахуал тұрақты.

Қарағанды облысындағы жағдай да тұрақты. Ахуал күш құрылымдарының бақылауында. Қала бойынша сегіз блокбекет қойылған. Коменданттық сағат кезінде көшеде себепсіз жүрге болмайды. Ірі сауда орындары, қоғамдық қызмет көрсету орындары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Семейде кіреберіс жолдардың бәріне блокбекет қойылды. Полицейлер қалаға кіретін барлық көлікті тексеріп жатыр. Қызылордада қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. СҚО-да 25 блокбекет қойылды.

Қақтығыстар кезінде бүгінде нақты қанша сарбаз қайтыс болғанын Ішкі істер министрлігі нақтылап жатыр. Бүгінде бүлік кезінде жалпы 4266 адам ұсталған, оның 100-і шетелдік. Алматыда террористік акцияларға қатысқан жүзден аса адам ұсталды. Сұйылтылған газды сатушыларға қатысты тергеу басталды. Ал БҚО-да Алматыдағы тонау әрекеттеріне қатысқан адамдар ұсталды. Қостанай облысында тәттіпсіздіктен кейін 650-ге жуық адам ұсталды. 

Қазақстанға 2,5 мың бітімгер келді. Бұл туралы ҰҚШҰ мәлімдеді. 

ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан үйде қалуын сұрайды. 

Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай мен газ өндірісі тоқтатылмағанын мәлімдеді. Өндірістің қысқаруы тек Теңіз кенішінде болған. 

Әуебилеттерін айыппұлсыз қайтаруға болады. Алайда Алматы әуежайы 9 қаңтарға дейін жұмыс істемейді.  

Беларусь президенті Лукашенко Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Ал Қытай Қазақстанға қиындықтарды еңсеруге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Кейбір сауда орындарында төлемдерді қабылдау қалпына келтірілді. Супермаркеттер картамен төлем қабылдай бастады

Қазақстанда оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін созылды. ЖОО және колледж студенттерінің демалысы 24 қаңтарға дейін созылды. Бірақ балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Материал толықтырылады.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети