РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 мая 2021 | 13:42

Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің орташа зейнетақысы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Әлихан Сариев Фото © Әлихан Сариев

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің орташа зейнетақысы - 138 мың теңге. Бұл туралы Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің орташа зейнетақысы - 138 282 теңге. Сонымен қатар, зейнетақыдан бөлек, оларға мемлекеттік арнайы жәрдемақы беріледі, ол - 46 672 теңге", - деді Шегай ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол ардагерлерге зейнетақы тағайындаудың арнайы ережесі жоғын айтты.

"Олардың зейнетақысы жалпыға ортақ ереже бойынша тағайындалды. Онда еңбек өтілі есептеледі. Қазір ардагерлеріміздің жасы 90-нан асты. Ешкім зейнетақы тағайындау бойынша жүгінбеді", - деді Шегай. 

Айта кетейік, елімізде 665 ҰОС ардагері бар. Нұр-Сұлтанда 25, ал Алматыда 123 ардагер өмір сүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети