05 февраля 2020 | 09:42

Қазақстанда "сары нөмірлі" көлік сатып алуға бола ма?

Даурен Ерболат Журналист
Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армения мен Қырғызстанның мемлекеттік нөмірімен жүрген көліктерді уақытша тіркеу тәртібіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армения мен Қырғызстанның мемлекеттік нөмірімен жүрген көліктерді уақытша тіркеу тәртібіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірмен жүрген көліктер үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік және утилизациялық алымды төлемеуге рұқсат берген. Бірақ мұндай көлікті тіркеуге қою қажет. Уақытша тіркеу 1 ақпанда басталған болатын. Сонымен қатар ведомство өкілдері мұндай көлігі бар жүргізушілеріне "18" деген сары түсті мемлекеттік нөмір тағылып, уақытша құжат берілетінін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

"Сары түсті нөмір көліктің толық тіркеуден өтпегенін көрсетеді. Мысалы, сіздің досыңыздың шетелдік нөмір таққан көлігі бар. Сіз оны сатып алғыңыз келді дейік. Ол сізге "Біз бір-бірімізді жақсы танимыз. Сізді сақтандыру полисіне тіркейін, тек 5 миллион теңге берсең жеткілікті, көлікті ала бер" дейді. Ол сізге темір тұлпардың кілтін, техникалық паспортты береді. Сіз оған 5 миллион теңгені беріп, көлікті сатып аласыз. Осылайша, қалада емін-еркін жүре бересіз. Кейін көліктің кедендік баж салығын төленбегенін білесіз. Алайда көлік үшін ақшаны төлеп қойдыңыз", - дейді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Осы орайда ол қазақстандықтар мұндай қадамға бармауы үшін мемлекет арнайы шараны қолға алғанын жеткізді.

"Енді адамдар мұндай нөмірі бар көлікті көрген кезде оның тіркеуден толық өтпегенін түсінеді. Сондықтан мұндай көлікті сатып алмай тұрып жақсылап ойланады", - дейді комитет төрағасының орынбасары.

Ереже бұзған шетелдік көлік иелерінен айыппұл қалай өндіріліп жатыр?

Айта кетейік, осыған дейін ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерге арнайы сары мемлекеттік нөмір берілетіні хабарланған.

Сонымен қатар кеше үкімет отырысынның кулуарында Серік Түсіпов өткен жылы шетелдік көлік жүргізушілері жиі жол ережесін бұзғанымен олардың жауапқа тартылмағанын айтқан болатын.

Еске салайық, 24 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпанға дейін қазақстандықтарға ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырды. Кейін ХҚКО-ларда шетелдік көліктерге "сары нөмірлер" беріле бастады. Бұл тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі. Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл мәселе бойынша арнайы телефон желісін іске қосқан.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram