РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 февраля 2020 | 17:05

Қазақстанда парақорларды айыппұлмен құтылу мүмкіндігінен айыру ұсынылды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов алдағы уақытта аса ірі көлемде пара алған мемлекеттік қызметкерлерді жазадан айыппұлмен құтылу мүмкіндігінен айыру мәселесі қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Олжас Бектенов "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.

Отырыстан шыққан агенттік төрағасының бірінші орынбасары журналистерге аса ірі көлемде пара алған шенеуніктерге қатысты заңға өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда біз ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазадан айыппұл арқылы құтылуға және жазасын қоныс колониясында өтеуге мүмкіндік бермеуді ұсынамыз. Яғни мұнда жазаға тыйым салу ұсынып отырмыз. Бұл бүгінгі заңда жоқ, ол біздің ұсынымыз. Оны әзірше мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін Олжас Бектенов мәжіліс кулуарында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети