РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 ноября 2021 | 11:23

Қазақстанда пандемиядан кейін қандай мамандықтар жойылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © pexels.com Иллюстрация. © pexels.com

Қазақстанда пандемия кезеңіндегі еңбек нарығында көптеген мамандық пайда болды. Сонымен қатар, біршама саланың қажеттілігі жоғалып, өзектілігін жойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді.


Қазақстанда пандемия кезеңіндегі еңбек нарығында көптеген мамандық пайда болды. Сонымен қатар, біршама саланың қажеттілігі жоғалып, өзектілігін жойды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская айтып берді.

Бүкіләлемдік экономикалық форум (WEF) келесі жылы 75 миллион адам ақпараттық технологиялар мен инновацияның дамуынан жұмыссыз қалады деп болжап отыр. Бұл мәлімдеме бойынша сарапшы бірнеше мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, дәл қазір әлемде болып жатқан өзгерістер Қазақстанға да өз әсерін тигізіп жатыр.

HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының бас директоры Оксана Бричевская

Пандемия еңбек нарығын қалай өзгертті?

Маман коронавирустан кейін келген еңбек нарығындағы 3 трендті атады.

"Біріншіден, үздік қызметкерлерге шынайы талас басталды. Локдаунда бос орындар едәуір азайды, бірақ аз уақыт ішінде жағдай қалыпқа келіп, тіпті коронавирусқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті. 2021 жылы көптеген компания былтырғы тұрақсыздықтан кейін қызметкерлерді қайта іздей бастады. Нарық тұралап қалмады, сұраныс ұсынысқа қарағанда тез өсіп жатыр.

Екіншіден, пандемия бизнесті жедел ақпараттық трансформацияға итермеледі. Бұрындары 5 жылға жуық уақыт алған операциялар, соның ішінде қашықтан жұмыс істеу мен гибридті кеңселердің ашылуы бар-жоғы 1,5 жыл ішінде қолға алынды. Тіпті, өзгерістен қашқан компаниялардың өзі нарықтағы орнын жоғалтпау үшін онлайнға бет бұрды. Компаниялар қашықтан жұмыс істеу арқылы едәуір пайда табуға болатынын түсінді. Бұл үрдіс дамыған елдерде бұрыннан-ақ бар еді, бірақ Қазақстан қашықтан жұмыс істеуге пандемиядан кейін ғана келді.

Үшіншіден, кейбір компаниялар шығынға батпас үшін жұмыс орнын қысқарта бастады. Кейбірі аса қажеті жоқ мамандықтарды да анықтап, қызметкерлерімен қоштасты. Арасында мәжбүрлі қысқартулар да аз кездеспеді. Бұл бірінші кезекте мейрамхана, қонақүй және фитнес-орталықтарында көп кездесетін жағдай", - дейді ол.  

Қандай мамандықтар жойылады?

Ол болашақта өзектілігі жойылатын мамандықтар туралы сөз қозғады. Бричевскаяның айтуынша, алдағы уақытта заманауи технологиялар көптеген адамды жұмыссыз қалдырады.

"Болашақта есепші, нотариус, кассир және call-орталықтардағы операторлардың қажеттілігі болмай, біршама жұмыс орындары жабылады. Бұған он жылға жуық уақытты алуы мүмкін. Одан бөлек, заман талабына сай емес, өзін-өзі дамытумен айналыспайтын мамандар да жұмыссыз қалуы ғажап емес. Жан-жақты білімге бейім қызметкерлер әрқашан сұраныста болады", - дейді Оксана. 

Бричевская қысқартылған қызметкерлердің басқа салаға ойысып, жұмыс берушілердің қызығушылығымен келісіп отырғанын айтады. Оның сөзінше, жаһандық пандемия мамандықтарға деген талап пен көзқарасты түбегейлі өзгертті.

"Байқап отырғандарыңыздай, қызметкер ғана қысқартылған жоқ, оған қоса жұмыс бірлігі де қайтып келмеске кетті. Негізі жоғалып, өзектілігі жойылған мамандықтар туралы әртүрлі теория бар. Цифрландыру мен оңтайландыру көптеген салалық мамандықты алмастыра алатын болып шықты",- деді ол.

Қазақстандағы ең көп сұранысқа ие болатын мамандықтар

Бір қызығы, әлем бойынша алдағы онжылдықта есепші мамандығы жойылатын болса, ал Қазақстанда есеп-қисапшыларға сұраныс әлі де бар. Спикер мұны Қазақстанның еңбек нарығы әлі де есепшілерге мұқтаж деп түсіндірді.  

"Егер 2021 жылғы Қазақстанда ең көп сұранысқа ие болған мамандықтарға келетін болсақ, мына мамандықтарды айта аламын: сату саласы, бухгалтерия, ақпараттық технологиялар, құрылыс, лизинг, логистика, маркетинг және ауыл шаруашылығы. Бұл салалар күннен күнге қарқынды өсуде және алдағы уақытта да өзектілігін жоғалтпайды", - дейді Оксана Бричевская. 

Қазақстанда қандай жаңа жұмыс орындары пайда болуы мүмкін?

Future of Humanity институтының дерегінше, 2030 жылы әлем бойынша жаңа бүгінде жоқ 85 пайыз жаңа мамандықтар пайда болады. 

"Ақпараттық технологиялар саласында жобалар, мобильді қосымшалар мен ойындарды әзірлеумен айналысатын шығармашылық топтарға сұраныс артты. Сондай-ақ, онлайн жұмыстың кең етек жайуына байланысты ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандарын да іздеп жүргендер көп. Болашақта Қазақстан үшін робот техникасы, киберпротездеу, нанотехнологиялар, жасанды интеллектпен жұмыс істеу және IT-генетиктер аса қажет болады", - дейді ол.     
 

Қашықтан жұмыс істеудің болашағы бар ма?

Бүгінде Қазақстан бойынша көптеген жұмыс орындарында онлайн жұмыс істеп жатқандар аз емес, бірақ коронавирус машақаты аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс істеудің тағдыры не болатынына Бричевская былай жауап берді:

"Біз жасаған кейінгі сауалнамада 68 пайыз қазақстандық қашықтан жұмыс істегісі келетінін жеткізген. Әрине, онлайн жұмыстың тиімділігін түсініп, сұранысты арттырған компаниялар қатары жетіп артылады. Қазақстанда қашықтан жұмыс істеудің болашағы зор деп айта аламын. Қазірдің өзінде онлайн жұмыс істеп көрген мамандар кеңсеге қайта оралғысы келмейді. Онлайн жұмыстың арқасында көптеген қызметкерлердің артық уақыты пайда болып, тайм-менеджменттің қыр-cырын меңгеріп алды. Олар енді жолға, асқа және де басқа да қажеттілікке артық ақша жұмсамауға болатындығын түсінді. Сонымен қатар, пандемия кезінде онлайн жұмыс істеген қызметкерлердің басым бөлігі бір айлық шығынның көлемі азайғанын білдірді. Бұл факторлардың барлығы қашықтан жұмыс істеудің маңыздылығын одан ары айшықтай түседі".

Маманнан кеңес

Оксана Бричевская жас мамандарды өзін-өзі дамытумен айналысуға шақырды. Оның айтуынша, қазіргі заманда дипломдағы бір жапырақ қағазға ешкім де қарамайды.

"Университеттегі білім аздық етеді, ол тек жас маманның негізін ғана қалайды. Ары қарай жұмыс берушінің талаптарын зерттеп, кәсіби даңғдыны арттырған аса маңызды. Студенттерге келетін болсақ, олар үшін, ең алдымен, мүмкіндігінше көп тағылымдамадан өткені пайдалы болады. Ірі компаниялар жас мамандарға инвестиция құйып, олардың қабілетін шыңдап, өз қатарына қосуға дайын. Тек осы мүмкіндікті өткізіп алмай, артылған жауапкершілікті сезіне білуі қажет", - деп сөзін аяқтады ол.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети