РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 декабря 2019 | 11:57

Қазақстанда мал ұрлығы үшін жаза қалай қатаңдатылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне "Мал ұрлығы" деген арнайы бап енгізілмек. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Парламент Сенатының отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның Қылмыстық кодексіне "Мал ұрлығы" деген арнайы бап енгізілмек. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Парламент Сенатының отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марат Ахметжановтың сөзінше, бұл қылмыс үшін басқа ұрлық түрлеріне қарағанда жаза қатаң болмақ. 

"Жалпы бұл норманың маңызы зор. Төрт түлікке қол сұғу - ауыл адамдарының күнкөріс көзінен айырумен бірдей. Осыған тосқауыл керек. Қазір мал ұрлау - кәсіпке айналған. Оны көбіне топ болып, алдын ала сөз байласып қора-жайға кіріп, бұзып жасайды. Ондай ұрлықтар ұйымдастырушы, қасапшы, тасымал жолдары, жалған құжат жасайтындар базарда алып-сататындар бар. Өкінішке қарай, бұл қылмысқа қамқорлық жасайтын шенеуніктер мен құқық қорғау органдары да бар. Оның барлығы жүйелі жолға қойылған қылмыс болып кетті", - дейді Ахметжанов. 

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, енді бұл бап заңда теріс қылық пен орташа ауыр қылмыс деген болмайды. 

"Заң жобасында жай құрам бойынша - қомақты айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Егер адамдар топ болып, алдын ала сөз байланысу арқылы ірі көлемде қылмыс жасаса - 7 жылға дейін, бірнеше рет немесе мал қораға, қоймаға кіру арқылы жасалса - 10 жыл, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып жасалса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр", - дейді Марат Ахметжанов. 

Еске салайық, бұған дейін 19 желтоқсанда Марат Ахметжанов еліміздегі тұрғындардың 42 пайызы ауыл аймақтарында тұратындықтан олардың негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы екенін және енді мал ұрлығы ауыр қылмыс санатына жататынын хабарлаған

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети