17 июля 2020 | 15:21

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі

Фото: elements.envato.com

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 66 895 дерегі тіркелген. Оның ішінде 26 175 адам дертінен айыққан, ал 40 256 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. COVID-19 вирусынан 464 адам қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы статистикасын біріздендіруді міндеттеді. Коронавирус статисткасынан бөлек пневмонияға да назар аудару керек. Осыған байланысты коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау министрлігі жаңа статистикалық мәліметті тіркеу бойынша жаңа тәсілдерді анықтады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі

Алексей Цой осы мақсатта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросымен техникалық кеңес жүргізілгенін атап өтті.

"Нәтижесінде біз халықаралық аурулар квалификация бойынша COVID-19-ды жаңа код бойынша тіркейміз. Осылайша, зертханада нақтыланған COVID-19 жағдайы ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен пневмониямен біріктіріледі. Бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері ескеріледі", - деді министр.

Жаңа әдіс бойынша тіркеу қашан басталады?

Осы орайда министр жаңа әдіс бойынша тіркеу қашан жүргізілетінін айтты.

"Аурудың халықаралық классификациясының жаңа кодтарын қолдана отырып, COVID-19-ды кодтауға толық көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асырылады. Клиникалық тәжірибемізге сәйкес, біз осы аурулардың ұқсастығын және оларды емдеу тәсіліне бірыңғай тәсілді қолдану керегін атап өткізіміз", - дейді Алексей Цой.

"Жаңа әдіс статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді"

Ол ауру деректерінің біріктірілуі коронавирус бойынша елдің халықаралық рейтингіне жағымсыз әсер ететінін айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігі деректерді тіркеу тәсілдерінің өзгеруі коронавирус инфекциясынан болатын аурушаңдық пен өлімнің халықаралық рейтингіндегі Қазақстанның позициясының төмендеуіне алып келетінін түсінеді. Сондай-ақ, бұл әдіс аурудың алдын алу үшін дұрыс болжам жасауға, қажет ресурстарды, медициналық персоналды, төсек орындарын, медициналық техниканы, дәрі-дәрмектерді дұрыс жоспарлауға, статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Пневмония дерегі 

Сонымен қатар, ведомство басшысы елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті. Оның айуынша, осы уақыт аралығында пневмониядан 3 327 адам қайтыс болды. Өткен жылы осы кезеңде 1 896 өлім тіркелген. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда ауру өсімі 3,3 есе, жалпы өсім 1,75 есе.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram